Мемлекет басшысына қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ негізгі қала құрылысы мен инфрақұрылым жобаларының жүзеге асырылуы туралы баяндалды.
Дархан Сатыбалды:
былтыр қысқа мерзімді экономикалық индикатор 12,8 пайызға көтерілгенін айтты.
Мемлекет бюджетіне 6,6 триллион теңге салық пен міндетті төлемдер түскен. қаланың бірнеше орталығын дамытуға бағытталған жаңа стратегиялық бастамаларды таныстырды.

Алматы қаласының заманауи көлік жүйесін қалыптастыру жөнінде мәлімет берді.

Алматының Бас жоспарында ауаның еркін айналымын қамтамасыз етуді, шаһардың жоғары және орталық бөліктеріндегі шамадан тыс тығыз құрылысты тежеуді, сондай-ақ жасыл желектің аумағын үш есеге – 3 800 гектарға дейін ұлғайтуды көздейтін шешімдер қарастырылғанын жеткізді.
2025 жылы қала көшелері сапалы жарықтандырылып, қуаты екі есе артқаны жөнінде баяндады.

Алматы тау кластері жобасын дайындау жайында есеп берді.


Мемлекет басшысы:
Алматы қаласының экономикасын одан әрі әртараптандыру, экологиялық жағдайын жақсарту, қаланың орнықты көлік және туристік инфрақұрылымын қалыптастыру, сондай-ақ қала ортасының сапасы мен тұрғындардың тұрмыс деңгейін арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.