Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Президент Парламентаралық одақтың президенті Дуарт...

Президент Парламентаралық одақтың президенті Дуарте Пашеконы қабылдады

Билік 20.12.2021, 09:12 1,137
Президент Парламентаралық одақтың президенті Дуарте Пашеконы қабылдады
Сурет: Аkorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентаралық одақтың президенті Дуарте Пашеконы қабылдады




Әңгімелесу барысында Қазақстанның Парламентаралық одақпен өзара ықпалдастығының маңызды бағыттары талқыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Аkorda.kz-ке сілтеме жасап


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дуарте Пашекоға ілтипат білдіре отырып, Парламентаралық одақпен арадағы ынтымақтастықты нығайтуға тың серпін беру тұрғысынан оның елімізге жасаған сапарының маңыздылығын атап өтті.



– Парламентаралық одақ парламентаралық байланыстарды дамыту ісінде маңызды әрі жетекші ұйым саналады. Сіздің сапарыңыз парламенттік дипломатияны кеңейту тұрғысынан саяси маңызға ие. Біз аталған Одақпен өзара тығыз қарым-қатынастарды дамытуға баса мән береміз және осы маңызды ұйымның төрағасы лауазымындағы Сіздің миссияңызды қолдаймыз, – деді Мемлекет басшысы.




Қасым-Жомарт Тоқаев Дуарте Пашекоға еліміздегі демократиялық институттарды және заң үстемдігін нығайтуға, адам құқығы мен гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды саяси реформалардың жүзеге асырылуы жөнінде айтты. Сондай-ақ Мемлекет басшысы оны 2022 жылдың қыркүйек айында болатын Әлемдік діндер көшбасшыларының VII Съезіне қатысуға шақырды.



Өз кезегінде Дуарте Пашеко кездесуге мүмкіндік бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіріп, Мемлекет басшысын Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады. Сонымен қатар ол еліміздің осы кезеңдегі экономикалық және дипломатиялық табыстарын жоғары бағалап, Қазақстанның мемлекеттер мен адамдар арасында диалог орнатудың жарқын үлгісі болып отырғанына назар аударды.


Португалия парламентариі Мемлекет басшысына Парламентаралық одақты дамытудың алдағы кезеңдегі басымдықтары туралы айтты.


Сонымен қатар Қазақстан мен Португалия қатынастарын өркендету аясында Нұр-Сұлтан мен Лиссабон арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілді.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #парламент #одақ #бағыт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда өңірлік «Аналитика мектебіне» өтінім қабылдау басталды: қатысушылар қаланың болашағы үшін шешімдер әзірлейді

Бүгін 15:46

Қазақстанда мұғалімдерді аттестаттауға қатысты жаңа өзгерістер енгізілді

Бүгін 15:26

Ұлттық метаболикалық код 2026: болашақтың медицинасы үшін пәнаралық диалог

Бүгін 14:52

Алматыда 200-ден астам тұрғын реновация бағдарламасы аясында жаңа баспана алды

Бүгін 14:43

Алматыда қазақ лингвистикасы цифрлық дәуірге аяқ басты

Бүгін 14:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика