Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Президент Олжас Бектеновты қабылдады

Президент Олжас Бектеновты қабылдады

Билік 04.03.2022, 10:06 1,678
Президент Олжас Бектеновты қабылдады
Akorda kz

Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектеновті қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Қасым-Жомарт Тоқаевқа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің биылғы атқарған жұмысының нәтижелері және резонанс тудырған қылмыстық істердің тексерілу барысы туралы есеп берілді.


Ұсынылған деректерге сәйкес, 2 айдың ішінде 240 адамның, оның ішінде республикалық және облыстық деңгейдегі 40 басшының сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар екені әшкереленді. Олардың қатарында 1 вице-министр, 1 қала әкімі және облыстық басқармалардың 11 жетекшісі бар. Келтірілген шығынның орнын толтыру үшін күдіктілердің құны 5,4 миллиард теңге болатын мүлкіне тыйым салынды.


Президентке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «тазалығын» қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалуы жөнінде баяндалды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының іске асырылуы туралы мәлімет берілді. Салалық ведомство жетекшісінің айтуынша, ақпан айында Парламент Мәжілісі "Негізсіз байығаны үшін жауапкершілік туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Квазимемлекеттік сектордағы комплаенс қызметтерінің жұмысына, сыбайлас жемқорлық үшін басшылардың дербес жауапкершілігі институтын жетілдіруге ерекше көңіл бөлінді.


Бұдан бөлек қазіргі уақытта «follow the money» қағидаты бойынша қаржылық тергеуді дамытуға, пара беру жөнінде уәделесуге және пара ұсынуға қатысты қылмыстық жауапкершілікті енгізуге және сыбайлас жемқорлық үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейтуге бағытталған заңнамалық шаралар топтамасы пысықталып жатыр.


Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Бектеновке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыруға және сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бектенов #президент #Жемқорлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық ұланда «BOOKGUARD» әдебичелленджі басталды

Бүгін 13:30

Қазақстандық ағайынды Кенжеғұловтар Аустрия Кубогында топ жарды

Бүгін 12:29

Тәртіп пен тәрбие басты назарда: Қорғаныс министрінің орынбасары Гвардейск гарнизонында тәрбие жұмысының басым бағыттарын айқындады

Бүгін 12:22

Алматыда заң жағынан тегін көмек ұсынатын жоба іске қосылады

Бүгін 12:20

Алматыдағы Бостандық ауданы жолды жөндеп, инфрақұрылымды жаңғыртып жатыр

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика