Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Президент Мажарстанның Сыртқы істер министрін қабы...

Президент Мажарстанның Сыртқы істер министрін қабылдады

Саясат 17.02.2025, 17:42 859
Президент Мажарстанның Сыртқы істер министрін қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Мажарстанның Сыртқы істер министрі Петер Сийяртоны қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийяртомен кездесті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Мемлекет басшысы дипломатқа ілтипат білдіріп, Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің деңгейі жоғары екенін атап өтті. Сондай-ақ жоғары деңгейдегі саяси диалогтың дәйекті дамып, үкіметаралық ықпалдастықтың белсенді өркендеп келе жатқанына назар аударды.

Президент былтыр Будапешт қаласына жасаған мемлекеттік сапары аясында қол қойылған келісімдердің өз деңгейінде іске асырылып жатқанына көңілі толатынын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл уағдаластықтарды жүзеге асыру жан-жақты серіктестікті одан әрі тереңдетуге ықпал етеді. Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанға ыстық ықыласын жолдады.

Петер Сийярто Қасым-Жомарт Тоқаевқа Мажарстан Премьер-министрінің сәлемін жеткізді.

Мажарстанның Сыртқы істер министрі Астанаға сапары кезінде бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың түрлі аспектілерін іске асыру жағдайын салалық министрліктермен және ведомстволармен талқылайтынын айтты.

Кездесуде екіжақты күн тәртібінің бірқатар өзекті мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы, энергетика және банк секторларындағы өзара тиімді байланысты кеңейтуге ерекше мән берілді.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Петер Сийярто халықаралық маңызды мәселелер бойынша пікір алмасты.

Кездесу соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-мажар қарым-қатынасын дамытуға қосқан үлесі үшін Петер Сийяртоны ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мемлекет басшысы #Мажарстан #Сыртқы істер министрі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та Трамп саясатына қарсы «No Kings» шеруі өтті

Бүгін 15:32

Түркістанда айыппұл алғанына ашуланған екі ер адам камераларды тас-талқан еткен

Бүгін 14:24

Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысы әкелінеді

Бүгін 12:11

Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында чемпион атанды

Бүгін 11:34

“Қайрат” Санкт-Петербургте “Зениттен” жеңілді

Бүгін 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика