AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Президент: Мажарстан – Қазақстан үшін маңызды сері...

Президент: Мажарстан – Қазақстан үшін маңызды серіктес ел

Билік 10.11.2022, 14:30 2,151
Президент: Мажарстан – Қазақстан үшін маңызды серіктес ел
Сурет: Inform.kz

Президент Самарқанд қаласында өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының Саммиті аясында Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.





Мемлекет басшысы Қазақстан мен Мажарстан арасындағы қарым-қатынасты, оның ішінде экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін білдірді.


«Біздің елдер арасындағы байланыс жақсы дамып келе жатыр. Әйтсе де біз екі мемлекеттің ынтымақтастығына тың серпін беруіміз керек деп ойлаймын. Әсіресе, арадағы сауда айналымының көлемі әлі де қанағаттанарлық деңгейде емес. Бұл бағытта екі елдің де әлеуеті зор. Мажарстан – Қазақстан үшін маңызды серіктес ел. Сіз Премьер-министр ретінде біздің түрлі саладағы ынтымақтастығымызды ілгерілетуге көп еңбек сіңіріп келе жатқаныңызды білемін», – деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан екіжақты кездесуді ұйымдастырғаны үшін Қазақстан тарапына алғыс айтты.


«Қазақстан мен Мажарстан арасындағы қарым-қатынастың орны ерекше. Мен осыдан бірнеше жыл бұрын алғаш рет Премьер-министр қызметін атқарғанда Қазақстан мен Мажарстанның мәдени, экономикалық байланыстары өте берік болғанын білемін. Енді екі елдің ынтымақтастығына бизнес өкілдері тың серпін беруі керек. Қазақстанның ірі компаниялары Мажарстанға инвестиция құйса, экономикалық қарым-қатынасымыз жаңа деңгейге көтерілер еді», – деді Мажарстан Премьер-министрі.

Кездесуде Қазақстан мен Мажарстан арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстар, сондай-ақ халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.






Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #Самарқанд #Мажарстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жасанды интеллект негізіндегі есірткіге қарсы цифрлық сервис іске қосылды

Бүгін 10:11

Темекі өнімдерін таңбалау тарифі төмендетіледі

Бүгін 10:09

Қазақстанда су үнемделетін алқаптар көлемі үш есеге жуық өсті

Бүгін 09:26

Тоқаев Путинге құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 09:18

Алматыда Қала күніне арналған іс-шараларға 1 млн-нан астам тұрғын мен қонақ қатысты

Бүгін 09:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);