конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Президент жаңадан тағайындалған министрлерді қабыл...

Президент жаңадан тағайындалған министрлерді қабылдады

Саясат 04.01.2023, 15:28 1,489 Almaty-akshamy
Президент жаңадан тағайындалған министрлерді қабылдады
Сурет: Ашық дереккөзі

Әділет министрі Азамат Есқараевқа заңнаманы және нормативтік-құқықтық базаны одан әрі жетілдіру жөнінде бірқатар міндет жүктелді.


Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған министрлерді қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Президент Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевты, Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованы, Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловты, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты және Әділет министрі Азамат Есқараевты қабылдады.



Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев министрліктердің жауапкершілігіндегі мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, ұлттық жобаларды тиімді жүзеге асырудың маңыздылығына назар аударды.


Мемлекет басшысы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевқа геология және жер қойнауын пайдалану саласын реттеу, көлік-логистика әлеуеті мен өңдеу өнеркәсібін дамыту, сондай-ақ тұрғын үй құрылысының көлемін арттыру жұмыстарын тапсырды.


Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменоваға су мәселесінің саясаты мен табиғи ресурстарды реттеу, көгалдандыру және азаматтарды экологиялық тұрғыда тәрбиелеу міндеттері жүктелді.


Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловқа туризмді, бұқаралық спортты және мәдениет саласын дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берілді.


Президент Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа "Жайлы мектеп" ұлттық жобасының уақтылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ мектептегі және мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру жөнінде тапсырма берді.


Әділет министрі Азамат Есқараевқа заңнаманы және нормативтік-құқықтық базаны одан әрі жетілдіру жөнінде бірқатар міндет жүктелді.


Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтармен тығыз жұмыс істеп, олардың мәселелерін уақтылы шешу қажет екенін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #министр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жыл басынан бері 14 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды

Бүгін 17:23

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

Бүгін 17:21

Дрон құрастыратын қыз: Құрлық әскерлері әскери институтының әскери қызметшісі болашақ технологияларын меңгеруде

Бүгін 16:38

Алматы әкімдігі Самал-3 шағынауданындағы саябақ құрылысына қатысты тұрғындардың өтінішіне пікір білдірді

Бүгін 16:35

Балалар телефонын тастап, бар уақытын демалысқа арнап жатыр

Бүгін 15:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);