AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Президент Иманғали Тасмағамбетовты қабылдады

Президент Иманғали Тасмағамбетовты қабылдады

Саясат 10.06.2024, 16:21 927
Президент Иманғали Тасмағамбетовты қабылдады
Ақорда

Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовты қабылдады. Кездесуде ұйымның Қазақстан төрағалығы кезеңіндегі негізгі міндеттерін жүзеге асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ-ның жарғылық жұмысында Ұйымға мүше барлық мемлекет үшін анағұрлым өзекті әрі сұранысқа ие бағыттарға назар аудару қажет екенін атап өтті.

Оның пікірінше, терроризм, есірткі мен қарудың заңсыз айналымы, ақпараттық саладағы қылмыс секілді сын-қатерлерге қарсы күрес мәселесіне айрықша мән берген жөн.

Президент өңірлік қауіпсіздікті нығайту мақсатында басқа да халықаралық құрылымдармен конструктивті ынтымақтастықты жолға қою маңызды екенін айтты.

Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің былтыр қараша айында өткен сессиясында Қазақстанның бастамасымен қабылданған Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы жөнінде мәлімет берді.

Кездесуде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясына және еліміздің аумағында өтетін оқу-жаттығу жиындарына дайындық мәселесі қарастырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#саясат #ҰҚШҰ #кездесу #Иманғали Тасмағамбетов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Кеше 21:50

Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысымен кездесу

Кеше 19:00

«Заң мен Тәртіп»: Алматыда студент жастармен кездесу өтті

Кеше 18:30

Алматыда «Ақбала» ұлттық балетінің премьерасы өтеді

Кеше 18:14

Алматыда Қала күніне орай 300-ден астам мерекелік іс-шара өтеді

Кеше 18:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);