Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ғизат Нұрдәулетовке ел игілігі жолындағы табысты әрі адал қызметі үшін алғыс айтты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Бұл туралы өзінің Telegram арнасында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров жазды.
Президенттің пікірлері
"Қасым-Жомарт Тоқаев Ғизат Дәуренбекұлы кәсіби біліктілігі мен қажыр-қайратын ел мүддесін қорғау мен тұрақтылығын нығайтуға арнағанын атап өтті.
Сонымен қатар оның мемлекеттік саясатты ілгерілетуге және ауқымды реформаларды сәтті жүзеге асыруға айрықша атсалысқанына тоқталды", - делінген хабарламада.
Қосымша ақпарат
Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесі мен оның Аппараты туралы ережені бекітті