AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Президент Әуезов университетіне ұлттық мәртебе бер...

Президент Әуезов университетіне ұлттық мәртебе берді

Білім және ғылым Бүгін 14:30 25
Президент Әуезов университетіне ұлттық мәртебе берді
Фото: auezov.edu.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне ұлттық мәртебе беру туралы шешім қабылдады. Президент бұл туралы ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Шымкенттің білім орталығы ретіндегі әлеуеті

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан Шымкентті оңтүстік аймақтағы ірі ғылым және білім орталығы ретінде дамытуды көздеп отыр.

Қазірдің өзінде қалада Аризона штаты университетінің білім беру бағдарламасы жүзеге асырылып, Түркияның Гази университетінің филиалы ашылған.

«Бұл жұмысты одан әрі жандандырып, Шымкенттің ғылым және білім саласындағы әлеуетін күшейте түсуіміз қажет. Мен халқымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне ұлттық мәртебе беру туралы шешім қабылдадым», – деді Мемлекет басшысы.

Ұлттық мәртебе және жауапкершілік

Президенттің айтуынша, Әуезов университеті – аймақтағы ең ірі жоғары оқу орны. Шымкенттегі әрбір бесінші студент осы университетте білім алады.

«Ұлттық мәртебе білім ордасымен қатар, құзырлы министрлікке де зор жауапкершілік жүктейді. Сондықтан Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті сапалы білімнің, терең ғылымның ошағы, аймақтың зияткерлік орталығы болуға тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Шымкенттің әлеуетін арттыру

Мемлекет басшысы Астана мен Алматының еліміздегі жетекші ұлттық университеттер орналасқан зияткерлік, ғылыми және мәдени орталықтар екенін атап өтті. Ендігі міндет – Шымкенттің де осы бағыттағы әлеуетін арттыру.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #Қазақстан #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Жыламай көру мүмкін емес". Өртсөндірушілердің тағдырын суреттейтін «Соңыра» фильмі жарыққа шықты

Бүгін 15:26

ALMATY THEATRE FEST республикалық театр фестивалінің жабылу салтанаты өтеді

Бүгін 15:04

Жол сапасы және транзиттік әлеует: Олжас Бектенов «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» автожолын реконструкциялау жұмыстарымен танысты

Бүгін 14:45

Қазақстанда шетелдік студенттер саны 41 мыңға жетті

Бүгін 14:45

Қазақстанда ЖИ зерттеулеріне маманданған алғашқы университет ашылды

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);