AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / ALMATY THEATRE FEST республикалық театр фестивалін...

ALMATY THEATRE FEST республикалық театр фестивалінің жабылу салтанаты өтеді

Мәдени Алматы Бүгін 15:04 31
ALMATY THEATRE FEST республикалық театр фестивалінің жабылу салтанаты өтеді
Алматы әкімдігі

Бірқатар арнайы марапаттар табысталады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда 15-20 қараша аралығында «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған ALMATY THEATRE FEST республикалық театр фестивалі өтіп жатыр. Фестиваль Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Алатау» театры және Қазақстан театр сыншылары бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізіліп жатыр. Алты күн бойы еліміздің әр өңірінен келген театр ұжымдары көрермен назарына 10 спектакль ұсынды.

Биылғы фестивальдің басты ерекшелігі – байқау форматында өтпеуі. Ұйымдастырушылар жүлделі орындар мен Гран-при үшін дәстүрлі бәсекеден бас тартып, спектакльдердің көркемдік құндылығына, театрлар арасындағы шығармашылық байланысқа және актерлік шеберлікті бағалауға басымдық берді.

Фестивальдің салтанатты жабылу рәсімінде бірқатар арнайы марапаттар табысталады. Атап айтқанда, «Үздік ер адам рөлі», «Үздік әйел адам рөлі», «Екінші пландағы үздік ер адам рөлі», «Екінші пландағы үздік әйел адам рөлі», «Үздік эпизодтық ер адам рөлі», «Үздік эпизодтық әйел адам рөлі», «Үздік актерлік дуэт» және «Қуыршақ театрының үздік актері» номинациялары бойынша жеңімпаздар марапатталады. Сонымен қатар Кәукен Кенжетаев пен Айша Абдуллина атындағы арнайы сыйлықтар табысталады.

Кеш қонақтарына «Алтыбақан» спектаклінен арнайы сахналық үзінді ұсынылады.

ALMATY THEATRE FEST – Қазақстан театрлары арасындағы шығармашылық диалог пен кәсіби тәжірибе алмасуға, мәдени байланысты нығайтуға арналған алаң. Фестиваль отандық сахна өнерінің дәстүрі мен заманауи үрдістерін тоғыстырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жол сапасы және транзиттік әлеует: Олжас Бектенов «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» автожолын реконструкциялау жұмыстарымен танысты

Бүгін 14:45

Қазақстанда шетелдік студенттер саны 41 мыңға жетті

Бүгін 14:45

Қазақстанда ЖИ зерттеулеріне маманданған алғашқы университет ашылды

Бүгін 14:45

Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым және жоғары білім саласындағы III Стратегиялық серіктестер форумына қатысты

Бүгін 14:30

Президент Әуезов университетіне ұлттық мәртебе берді

Бүгін 14:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);