AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстанда шетелдік студенттер саны 41 мыңға жетт...

Қазақстанда шетелдік студенттер саны 41 мыңға жетті

Білім және ғылым Бүгін 14:45 31
Қазақстанда шетелдік студенттер саны 41 мыңға жетті
Ақорда

Қазақстанда шетелдік студенттер саны бір жыл ішінде 31 мыңнан 41 мыңға дейін өсті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылға қарай олардың санын 100 мыңға жеткізу жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Шетелдік студенттер санының өсуі

Бұл туралы Президент ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір елімізде 132 университет жұмыс істейді. Онда 800 мыңнан астам студент білім алады.

«Былтыр елімізде басқа мемлекеттерден келген 31 мың студент оқып жатқанын айтқан едім. Қазір олардың саны 41 мыңға жетті. Соның ішінде 8 мыңнан астам студент Қазақстанның қаржылай қолдауымен білім алуда. Бұл – Тәуелсіздік жылдары ішіндегі ең жоғары көрсеткіш», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Болашақ жоспарлар

Мемлекет басшысы 2029 жылға қарай Қазақстанға 100 мың шетелдік студент тарту көзделіп отырғанын атап өтті. Бұл міндетті жүзеге асыруда «Қазақстанда білім ал!» ұлттық бастамасына маңызды рөл жүктеледі.

Президенттің айтуынша, соңғы жеті жылда Үкімет білім беру гранттарына бөлетін қаржы көлемін екі есе арттырып, 3,4 миллиард долларға жеткізген. Сонымен қатар студенттерге арналған 281 жатақхана салынған.

Халықаралық ынтымақтастық

Қазір Қазақстанда 11 мемлекеттің жетекші университеттерінің филиалдары жұмыс істейді. Бұл оқу орындарында 12 мыңнан астам студент білім алып, 1,5 мыңға жуық оқытушы қызмет етеді. Олардың қатарында шетелден келген 600-ден астам профессор бар.

Сондай-ақ Қазақстанда жоғары білім беру жүйесіндегі халықаралық ынтымақтастық туралы 40 келісім жүзеге асырылып жатыр.

Стратегиялық мақсаттар

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің стратегиялық мақсаты – Қазақстанды Орталық Азиядағы академиялық хабқа айналдыру екенін айтты. Ол үшін халықаралық академиялық серіктестікті нығайтып, білім беру мен ғылыми-инновациялық инфрақұрылымды дамыту жалғасады.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #білім #Тоқаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Жыламай көру мүмкін емес". Өртсөндірушілердің тағдырын суреттейтін «Соңыра» фильмі жарыққа шықты

Бүгін 15:26

ALMATY THEATRE FEST республикалық театр фестивалінің жабылу салтанаты өтеді

Бүгін 15:04

Жол сапасы және транзиттік әлеует: Олжас Бектенов «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» автожолын реконструкциялау жұмыстарымен танысты

Бүгін 14:45

Қазақстанда ЖИ зерттеулеріне маманданған алғашқы университет ашылды

Бүгін 14:45

Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым және жоғары білім саласындағы III Стратегиялық серіктестер форумына қатысты

Бүгін 14:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);