AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Президент Алматының қоғамдық көлік жүргізушісін «Ш...

Президент Алматының қоғамдық көлік жүргізушісін «Шапағат» медалімен марапаттады

Әлеумет 20.01.2025, 17:25 950
Президент Алматының қоғамдық көлік жүргізушісін «Шапағат» медалімен марапаттады
Алматы қаласы әкімдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-азаматтық белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігі үшін қалалық автобус жүргізушісінің бірі Қанат Ахметовті «Шапағат» медалімен марапаттады, деп хабарлайды Aqshamnews.kz

Мемлекеттік награданы Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин табыстады. Ол Қанат Ахметов 2025 жылы Президент жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялаған соң марапатқа ие болған еңбек мамандықтарының алғашқы өкілі болғанын атап өтті. 

«Мемлекеттік наградаға ие болу мен үшін үлкен құрмет әрі зор жауапкершілік. Бұл қоғам игілігі үшін адал еңбек етуге, әріптестерім мен жақындарыма үлгі болуға ынталандырады. Қарапайым еңбек адамдарына Президенттің назар аударып, елдің дамуына қосқан үлесін мойындағаны қуантады», – деді Қанат Ахметов.

Еске сала кетейік, бұған дейін №66 қалалық маршрут автобусының жүргізушісі Қанат Ахметов арбадағы мүгедек жолаушыға назар аударып, көмек көрсеткені үшін мегаполис әкімі Ерболат Досаевтың атынан алғыс хат пен сыйлық алған болатын.

Қанат Ахметов төрт бала тәрбиелеп отыр, «Алматыэлектротранс» компаниясында автобус жүргізушісі болып жұмыс істегеніне бір жылдай уақыт болды. Мүгедек жолаушының көлікке арнайы көтергіштің көмегімен мінуіне жәрдемдескені туралы оқиға әлеуметтік желіде көптеген жағымды пікірге ие болып, қала тұрғындарының алғысын алған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #ахмет #Марапат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөз жүргізді

Бүгін 22:45

Қазақстан-Германия бизнес форумында маңызды келісімдер жасалды

Бүгін 22:30

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Бүгін 21:15

Қазақстан Республикасының Президенті мен Германия Федеративтік Республикасы Президентінің Бірлескен Декларациясы

Бүгін 21:00

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 20:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);