AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Президент әкімшілігінің экс-басшысы Әділет” партия...

Президент әкімшілігінің экс-басшысы Әділет” партиясының төрағасы болып сайланды

Билік 07.05.2026, 13:09 191 Дина
Президент әкімшілігінің экс-басшысы Әділет” партиясының төрағасы болып сайланды
ашық дереккөз

Астанада жаңадан құрылған «Әділет» партиясының құрылтай съезі өтті. Жиында делегаттар бұрынғы Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дадебайды партия төрағасы етіп бірауыздан сайлады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Съезге еліміздің барлық өңірінен 1000-ға жуық делегат қатысты. Жиын барысында партияның бағдарламасы мен жарғысы бекітіліп, саяси кеңес құрамы жасақталды.

Партия әділеттілік, жауапкершілік және патриотизм құндылықтарын басты бағдар ретінде ұстанатынын мәлімдеді. Айбек Дадебай алғашқы сөзінде «Әділеттің» негізгі міндеті – азаматтардың заңға және әділдікке деген сенімін нығайту екенін атап өтті.

Оның айтуынша, бұл ұстанымдар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған саяси реформалар бағытымен үндеседі.

Партияның саяси кеңесі бюросына Айбек Дадебаймен қатар қоғам және саясат өкілдері енді. Олардың қатарында саясаттанушы Марат Шибутов, журналист Рауан Кенжеханұлы және бұрынғы цифрлық даму министрі Бағдат Мусин бар.

Айта кетейік, Айбек Дадебай Президент Әкімшілігінің басшысы қызметін 2024 жылдың ақпанынан 2026 жылдың 5 мамырына дейін атқарды. Кейін бұл қызметке бұрынғы бірінші вице-премьер Роман Скляр тағайындалған болатын.

«Әділет» партиясы алдағы уақытта ашықтық пен есептілік қағидатын ұстанып, нақты мәселелерді шешуге бағытталған жүйелі жұмыс жүргізетінін мәлімдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:32

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Кеше 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Кеше 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Кеше 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Кеше 20:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);