Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Көрме / Прагада Алматы музейінің «Уақыт керуені» көрмесі а...

Прагада Алматы музейінің «Уақыт керуені» көрмесі ашылды

Көрме 09.08.2024, 10:14 1,177
Прагада Алматы музейінің «Уақыт керуені» көрмесі ашылды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Прагада Алматы музейінің «Уақыт керуені» атты халықаралық көрмесі ашылды

 

7 тамызда Чехияда Прага қаласының музейінде Алматы қаласы музейінің «Уақыт керуені» көрмесі ашылды. Көрме Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстанның Чехиядағы Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Көрменің ашылуы, сондай-ақ меморандумға қол қою серіктестіктің жарқын көрінісі болып табылады. Алматы музейінің қорынан «Уақыт керуені» көрмесі екі мәдениеттің диалогын жалғастырады, келушілерді Ұлы дала халқының телегей-теңіз тарихы мен мәдениетімен таныстырады. Көрмеде қазақ халқының тұрмысымен, дәстүрлерімен, этнографиясымен және музыкалық аспаптарымен танысуға болады.

Көрме әлемнің түрлі елдерінен келген мәртебелі меймандар мен құрметті мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен ашылды. Сондай-ақ, Малайзия, Жапония, Корея, Ресей, Түркия және 20-дан астам елдің Елшілігінің өкілдері қатысты. Салтанатты іс-шараға Алматы қаласы мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы Әсия Ақанова, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Салтанат Серікова және Алматы қаласы музейлер бірлестігінің директоры Ләззат Сағындықова қатысты.

«Бүгінгі іс-шараға қатысу және сіздердің барлығыңызды көру мен үшін үлкен мәртебе, өйткені біз бүгін қазақ елінің ұлттық мұрасымен танысып қана қоймай, сонымен қатар екі үлкен қала Прага мен Алматының музейлері арасындағы дамып келе жатқан серіктестікке ықпал етіп отыр. Екі музей мен ел арасындағы берік қарым-қатынас орнайды деп сенемін», - деді Прага қаласы музейінің басшысы Иво Мацек құттықтау сөзінде.

«Көрме екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі тереңдетуге және дамытуға қызмет ететініне сенімдімін», - деді Қазақстанның Чехиядағы елшісі Бақыт Дүйсенбаев.

Іс-шара аясында Алматы музейлер бірлестігі Түркі әлемінің «Ең үздік музейі» атанды. Сертификатты ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев табыстады. Ол Алматы музейлер бірлестігі Түрксойдың түркі әлеміндегі ең үздік музей атағына ие болғанын, оның түркі әлеміндегі музейтану мен музей зерттеулері саласында жүзеге асырылып жатқан қызметке қосқан зор үлесін мойындағанын атап өтті.

ХІІІ-ХІV ғғ. бой көтерген Прага музейі орналасқан ғимарат ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне енгізілген. Көрме 31 тамызға дейін жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#«Уақыт керуені» #Прага #ТҮРКСОЙ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заңгерлері жаңа Конституциясының жобасын түсіндіруге арналған оқу құралын таныстырды

Бүгін 11:33

Алматыда колледж студенттері арасында «BilimHack Almaty-2026» қалалық хакатоны аяқталды

Бүгін 11:26

Қазақстан–Корея бірлескен жобасы: AI SilkNet ғылым саласындағы шешім қабылдау жүйесін іске қосты

Бүгін 11:20

Алматыда «Стоп сталкинг» форумы өтеді

Бүгін 11:07

Римма Масырова: Конституцияны жаңарту - уақыт талабы

Бүгін 10:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі