AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Polytech Information Olympiad – 2025: жастардың ци...

Polytech Information Olympiad – 2025: жастардың цифрлық білім бәсекесі

Барлығы 21.04.2025, 15:17 926
Polytech Information Olympiad – 2025: жастардың цифрлық білім бәсекесі
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

2025 жылдың 18 сәуірінде Алматы қаласы Білім басқармасының медиа-жоспары және «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Алматы қаласындағы мемлекеттік колледждер арасында «Polytech Information Olympiad – 2025» атты қалалық информатика олимпиадасы жоғары деңгейде өткізілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Олимпиаданың басты мақсаты — талантты жастарды қолдау, студенттердің IT саласындағы құзыреттерін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Олимпиада қатысушыларға өз білімдерін нақты кәсіби сайыс жағдайында қолдануға, сондай-ақ жаңа тәжірибе мен өз күшіне деген сенімділік алуға мүмкіндік берді. Мұндай іс-шаралар — бұл цифрлық экономиканың болашағына салынған инвестиция және жаңа буындағы сұранысқа ие мамандарды даярлаудың бір бөлігі.

Бұл додаға қаланың түрлі колледждерінен үздік студенттер қатысып, өз білімдері мен біліктіліктерін көрсетті.

Олимпиада мемлекеттік  және орыс тілдерінде өткізілді.

Олимпиада 3 кезеңнен тұрды:

- Moodle платформасында онлайн тестілеу.

Бұл кезеңде информатика пәні бойынша 40 сұрақтан тұратын тест тапсырды. Сұрақтар қазақ және орыс тілдерінде және тапсырмаларды орындауға 40 минут уақыт берілді.

- Python бағдарламалау тілінде есептер шығару.

Информатика пәні бойынша Phyton бағдарламасымен тапсырмаларды орындау компьютерде орындалды.

- HTML/CSS көмегімен «Мен — болашақ IT маманымын» тақырыбында веб-парақша әзірлеу.

Қатысушылар жасаған веб-парақты HTML және CSS файлдарымен бірге көрсеткен болатын.

Үш кезеңнің қорытындысы бойынша қатысушылар келесі нәтижелерді көрсетті:

Қазақ тілінде білім алушы студенттер арасында:

1 орын — Собитұлы Бексұлтан, Алматы технологиялық колледжі

2 орын — Тұрсынбай Олжас, №1 Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжі

3 орын — Базарбай Сердалы, Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі

Орыс тілінде білім алушы студенттер арасында:

1 орын — Алекссеев Ярослав, «Almaty Polytechnic College» КГКП

2 орын — Песоцкий Артём, «Алматинский колледж сервиса и технологий» КГКП

3 орын — Шапшай Ольга, «Алматинский государственный бизнес колледж» ГККП

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға белсенділігі, бастамашылдығы және IT саласына қызығушылығы үшін алғыс білдіреміз!

Олимпиаданың әділ әрі объективті өтуіне қазылар алқасының кәсібилігі үлкен үлес қосты. Әділ қазылар алқасының құрамында:

- Ибраимова Айнуркен Болатовна – информатика пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші (мектептен келген сарапшы маман); 

- Алметова Лаззат Аманкуловна – информатика пәнінің оқытушысы, педагог-сарапшы; 

- Аманова Гульнара Альмахановна – информатика пәнінің оқытушысы, педагог-модератор болды.

Қазылар алқасы олимпиада барысында білім алушылардың жұмыстарына әділ, жан-жақты талдау жасап, олардың теориялық және практикалық қабілеттерін нақты бағалай білді. Мұндай кәсіби көзқарас сайыстың сапалы әрі шынайы өтуіне септігін тигізді.

Бұл шара студенттердің өзара тәжірибе алмасуына, шығармашылық қабілеттерін танытуға, болашақ ІТ-мамандары ретінде өздерін дамытуға үлкен мүмкіндік берді. Мұндай білім додалары – техникалық бағыттағы жастардың әлеуетін ашудың маңызды жолы.

Олимпиада студенттердің цифрлық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға жол ашты. Бұл шара — тек жарыс емес, болашақ мамандардың алғашқы қадамдарын нығайтатын, идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін платформа болды.

Polytech Information Olympiad – 2025 — бұл білім мен біліктілік, шығармашылық пен технологияның түйіскен алаңы. Келешекте мұндай олимпиадалар жалғасын тауып, техникалық саладағы жастардың жаңа белестерге жетуіне жол ашады деген сенімдеміз.

 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Polytech Information Olympiad – 2025 #жастар #цифрлық білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Наурыз шоу»: Қазақ мемлекеттік циркі алматылықтарға бірегей бағдарлама ұсынды

Кеше 20:58

Алматыда Абай алаңында түркі халықтарының қолөнері таныстырылды

Кеше 20:15

Тазару күні әскерилер гарнизондарда экологиялық бастамалар өткізді

Кеше 20:06

Алматыдағы Абай алаңында Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жалғасып жатыр

Кеше 19:56

Концерттен кейін – тазалық жұмыстары: алматылық еріктілер Астана алаңында сенбілік өткізді

Кеше 19:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика