AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматы ОҚКА дәрігерлері ампутация қаупі төнген нау...

Алматы ОҚКА дәрігерлері ампутация қаупі төнген науқастың аяғындағы қан айналымын қалпына келтірді

Медицина Бүгін 10:09 38
Алматы ОҚКА дәрігерлері ампутация қаупі төнген науқастың аяғындағы қан айналымын қалпына келтірді

Ампутация қаупі төнген науқастың аяғындағы қан айналымын ОҚКА тамыр хирургтары қалпына келтірді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері қан тамырлары қатты зақымданған науқастың оң аяғындағы қан айналымын қалпына келтірді.

Қант диабеті, ұзақ уақыт бойы іріңдеу және артериялардың толық бітелуі салдарынан науқастың аяғына ампутация жасау қаупі төнген.

Ер адам ауруханаға шұғыл түрде жеткізілген болатын.

Науқастың айтуынша, іріңдеу шамамен бір жарым айға созылған.

Қант диабеті жағдайды қиындатып, қан тамырларының зақымдану қаупін арттырған және жараның жазылуын баяулатқан.

Тексеру нәтижесінде оң аяқтың артериялары толық бітелгені анықталды. Соның салдарынан тіндердің қанмен қамтамасыз етілуі бұзылған. Дәрігерлер ангиография жүргізіп, кішкентай тілік арқылы эндоваскулярлық араласу жасады.

Процедураны ОҚКА тамырлық эндоваскулярлық хирургі Султан Илиев орындады.

Ол зақымданған аяқтағы қан айналымын қалпына келтіріп, әрі қарай емдеудің маңызды кезеңін жүзеге асырды.

«Қант диабеті кезінде аяқтың, әсіресе табанның жағдайын мұқият бақылау маңызды. Жазылмайтын жаралар, іріңдеу, тері түсінің өзгеруі немесе аяқтың мұздауы байқалса, шұғыл түрде дәрігерге қаралу қажет. Қан айналымын уақытылы қалпына келтіру және инфекцияны емдеу аяқ-қолды сақтап қалу мүмкіндігін арттырады», — деп қорытындылады Султан Илиев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Хирург
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Серік Жұманғарин Ленинград облысының губернаторымен өнеркәсіп және АӨК салаларындағы жаңа жобаларды талқылады

Бүгін 10:45

Алматы кітапханалары түнде де «көз ілмейді»

Бүгін 10:42

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Қызылорда облысындағы әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобалардың құрылыс барысын тексерді

Бүгін 10:30

Алматыда «Ине сыры – қуыршақ жаны» атты көрме ашылды

Бүгін 10:21

Алматыда TANU Creative сәулет форумының қорытындысы шығарылды

Бүгін 09:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);