AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Полиция жүргізушілерге ескерту жариялады

Полиция жүргізушілерге ескерту жариялады

Әлеумет 11.11.2024, 09:45 990
Полиция жүргізушілерге ескерту жариялады
Сурет: Astanatv.kz

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты Ішкі істер министрлігі жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz.

 Құбылмалы ауа райы сақталып отырған Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстары, сондай-ақ елордадағы трассаларда тәртіп сақшылары жүргізушілер мен жолаушыларға тәулік бойы көмек көрсетіп жатыр.

– Боран мен көктайғақ салдарынан жолдарда қауіпті жағдайлар туындауы мүмкін.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қозғалыстың барлық қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сіздерді жол ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.

 Көру мүмкіндігінің азаятынын ескере отырып, жылдамдықты асырмауды сұраймыз. Маневр жасаудан аулақ болыңыздар, көліктер арасындағы арақашықтықты сақтаңыздар.

 Жаяу жүргіншілер өтетін жерлерде жүргізушілер өте мұқият болуы тиіс. Автокөліктің техникалық жағдайын тексеру және қысқы доңғалақтарды пайдалану өте маңызды.

 Ауа райы күрт нашарлаған жағдайда алыс сапарға шықпаңыздар. SMS-хабарландырулар мен ресми дереккөздердегі ақпаратты назардан тыс қалдырмаған жөн.

Жол жүрісі қағидаларын сақтау – қауіпсіздік кепілі. Төтенше жағдай орын алса, 112 нөмірі арқылы шұғыл қызметке, 102 нөмірі арқылы полицияға хабарласыңыздар, – деп еске салды полиция қызметкерлері.

 Сонымен қатар ведомство қарапайым ережелерді ұстану оқыс оқиғалардың алдын алатынын атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жүргізуші #Жол полициясы #Ескерту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер мұрасы заманауи көзқараспен қайта жаңғырды

Бүгін 18:15

«Даму» қорының өңірлік желісі базасында «Бәйтерек» холдингінің Кәсіпкерлерді қолдау бірыңғай фронт-офисі жұмысын бастады

Бүгін 17:30

Алматыда қалдықтарды бөлек жинау инфрақұрылымы кеңейіп келеді

Бүгін 16:55

Қасым-Жомарт Тоқаев Наталья Бочарованы қабылдады

Бүгін 16:45

Аңызға айналған «Ақиқат» журналына – 105 жыл

Бүгін 16:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);