Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / «Полигон жаңғырығы» көрмесі Нью-Йоркте өтті

«Полигон жаңғырығы» көрмесі Нью-Йоркте өтті

Не? Қайда? Қашан? 01.04.2025, 18:54 884
«Полигон жаңғырығы» көрмесі Нью-Йоркте өтті
Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі

Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ штаб-пәтерінде Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің конференциясы аясында Қарағанды облысының делегациясы әлемге әйгілі суретші Кәріпбек Күйіковтің «Полигон жаңғырығы» атты көрмесін ұсынды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Көрме аясында Кәріпбек Күйіковтің Семей ядролық полигоны зардаптарының қасіретін бейнелейтін туындылары мен Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорынан алынған фотоматериалдар көрсетілді. Бұл шара арқылы қазақстандық делегация елдің тарихи шындығы мен мәдени болмысын әлемдік қауымдастыққа паш етті.

— Біздің отанымыздың өнерін БҰҰ сияқты беделді халықаралық алаңда таныстыру — үлкен мәртебе. Шығармашылық пен өнер арқылы бейбітшілік пен тұрақтылықтың маңыздылығы туралы, жаһандық қауіпсіздік үшін әрбір адамның рөлі жайлы маңызды хабар жеткізе аламыз деп сенеміз, — деді Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Жұмакенов.

Ядролық қаруды таратпау жөніндегі конференция — үкіметтер, ғалымдар, белсенділер мен азаматтық қоғам өкілдерін біріктіретін жаһандық деңгейдегі маңызды оқиға. Осы форум аясында ұйымдастырылған Күйіковтің көрмесі қатысушылардың назарын техникалық мәселелермен қатар, ядролық қарудан зардап шеккен адамдардың тағдырына, бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне аудартты.

Көрме конференция күні бойы ашық болды. Күн сайын 100-ден астам келуші Кәріпбектің еңбектерімен танысып, оның шығармашылығына және Қазақстанның ядролық қаруға қарсы күрестегі ұстанымына жоғары баға берді.

Кәріпбек Күйіков — ядролық қарусыз әлем идеясын қолдаушы символ. Оның шығармашылығы – бұл тек өнер емес, бұл күрес, үміт пен өмірге құштарлықтың көрінісі. Қазақстандық делегация осы көрме арқылы еліміздің бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдайтынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Басты мақсатымыз — болашақ ұрпаққа қауіпсіз әрі гүлденген әлем қалдыру!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кәріпбек Күйіков #қарусыз әлем #Нью-Йорк
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жыл басынан бері үш тонна есірткі айналымға жіберілмеді

Бүгін 14:41

Астрофизик: Айға қайта оралу – ғылым үшін жаңа кезең 

Бүгін 12:01

Астрономияны білсеңіз, астрологияға сенбейсіз – астрофизик пікірі

Бүгін 11:56

Қазақстанда ғалым қанша табыс табады?

Бүгін 11:52

2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика