Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Пластикалық қақпақтарды кәдеге жаратқан шебердің е...

Пластикалық қақпақтарды кәдеге жаратқан шебердің ерекше хоббиі талайды тамсандырған

Не? Қайда? Қашан? 19.04.2023, 15:44 3,055
Пластикалық қақпақтарды кәдеге жаратқан шебердің ерекше хоббиі талайды тамсандырған
Сурет: Life09.kz

Ел іші – өнер кеніші.


Қарағанды облысының Балқаш қаласында ерекше өнер иесі тұрады. 65 жастағы Юрий Воробьев үйінің кіреберісін пластикалық қақпақтармен безендіріп қойған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. 


Екі қабатты тұрғын үйдің кіреберісі құдды ертегі әлеміндей. Мұндағы қабырғалар мен еденде түрлі ертегі кейіпкерлерін, аң мен құстардың бейнесін көруге болады. Мұның барлығы да түрлі-түсті қақпақтармен жасалған. Тұрғындар жылда дәлізді сылап әуре болмайды. Шаңын сүртіп, жуып алса болғаны.




«Юра ағай бар, өзіміз осы көршілер тату-тәтті өмір сүреміз, қақпақтардың өзін бірге жинаймыз. Оны лақтыру дегенді білмейміз, әкеліп береміз. Барлығын істеуді біледі ғой ол кісі. Үйге қонаққа келгендер подъезді көріп, қызығып, суретке түседі, әлеуметтік желіге салады», – дейді Балқаш қаласының тұрғыны Әлібек Тасболатов. 



Юрий Воробьевтің бұл үйде тұрғанына 20 жылдан асып кеткен. Кіреберісті безендіру үшін 60 мың қақпақ кеткен. Оған зейнеткер төрт жыл уақытын арнапты.




«Зейнетке шыққаннан кезім пандемияға тсүпа-тұс келді. Карантинде ішім пысқан соң ол пластикалық бөтелкелердің қақпақтарын жинап, олардан суреттер, композициялар жасай бастадым. Бұрын жергілікті комбинатта дәнекерлеуші болып жұмыс істедім. Мен электр жүйесін, сантехниканы да өзім жөндей беремін. Жас кезімде ағаш оюмен айналысқанмын», – дейді Балқаш қаласының тұрғыны Юрий Воробьев. 



Балқаштық шебер жұбайымен екеуі серуенге шыққанда қақпақ жинауды әдетке айналдырған. Оған көршілері мен достары да көмектеседі. Зейнеткер өзінің ермегін қала тазалығын сақтауға титімдей болса да үлесім деп санайды. Бүгінде Юрий Воробьев тұратын үйді жұрт жақсы біледі. Тіпті, оның ерекше қол туындысын көруге арнайы келіп, суретке түсіретіндер де көп.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ерекше хобби #қақпақ #Безендіру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жыр алыбы - Жамбыл туралы жеті дерек

Бүгін 20:37

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Михаил Шайдоровты Олимпиада ойындарындағы тарихи жетістігімен құттықтады

Бүгін 17:46

Тоқаев шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды

Бүгін 16:51

Қазақстанда сирек кездесетін ауруларға бөлінетін қаржы 23 есе артты

Бүгін 16:25

Бас прокуратура ескерту жасады: интернет-алаяқтар deepfake арқылы алдауға көшкен

Бүгін 15:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі