AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Педагогикалық білім беру тұжырымдамасының жобасы т...

Педагогикалық білім беру тұжырымдамасының жобасы талқыланды

Білім және ғылым 06.06.2022, 09:30 1,598
Педагогикалық білім беру тұжырымдамасының жобасы талқыланды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Семинар-кеңеске жоба авторлары – Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләлов, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Мақтағали Бектемесов, профессорлар Қорлан Жампейісова, Наталья Хан, Шолпан Колумбаева, сондай-ақ университеттің ғалым-педагогтары, Алматы қаласының білім беру қызметкерлері мен мектеп мұғалімдері қатысты.


Абай атындағы ҚазҰПУ-да ҚР педагогикалық білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы талқыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Ректор өз баяндамасында жобаның негізгі ережелері мен педагогикалық білім беруді дамытудың басым бағыттарын ұсынды. Өз сөзінде Дархан Біләлов Тұжырымдама жобасы ҚР педагогикалық білім беру сапасын арттыру бойынша шараларды іске асыру аясында әзірленгенін және бұл құжаттың қазіргі қоғамның міндеттерін, озық халықаралық тәжірибені және білім берудің заманауи парадигмасын ескере отырып, Қазақстандағы педагогикалық білім беруді дамытудың тиімді жолдарын анықтаудағы ғылыми-практикалық маңыздылығын атап өтті.



Баяндамашыға және жобаны әзірлеуші авторларға болашақ педагогтарды кәсіби даярлау сапасы, педагогикалық ЖОО мен профессор-оқытушылардың біліктілігін арттыру жүйесінің өзара байланыс нысандары, барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарымен әлеуметтік әріптестік және «Мектеп-ЖОО» жүйесінде дуальді оқытуды іске асыру, педагогикалық практиканың барлық түрлерінің мерзімдері мен мазмұны, білім алушыларды педагогикалық мамандыққа ынталандыру, сондай-ақ, педагогикалық мамандықтардың ББ-да зерттеу құрамдас бөлігі ұлттық контентті дамыту жөнінде қызу талқылау туғызған проблемалық сұрақтар қойылды.


Семинар-кеңеске қатысушыларды дәстүрлі құндылықтарды сақтау және жоғары оқу орнына дейінгі кәсіптік бағдар берудің инновациялық нысандарын «Педагог» мамандығына енгізу, жоғары педагогикалық білім беру деңгейіндегі даярлау модельдері – бүйірлік кіру, қолданбалы бакалавриат, Honors College (дарынды білім алушыларға арналған колледж) педагогикалық білім беру деңгейінде  жүргізілетін инновациялар ерекше қызығушылық тудырды.


Талқылау барысында сөз сөйлеушілер аталған құжаттың ҚР педагогикалық білім беру жүйесінің сапасын арттырудағы инновациялық маңызы мен заманға сәйкестігін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Семинар #Кеңес #ҚазҰПУ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды алматылықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Бүгін 14:43

Алматының саябағында: тазылар, бүркіттер, аңыз-әфсана кейіпкерлері

Бүгін 14:22

Бакуда қазақы үлгідегі Наурыз мерекесі кең көлемде тойлануда

Бүгін 14:14

Сайран көлінің жағасында Наурыз тойы өтіп жатыр

Бүгін 13:46

Руханият пен технология тоғысты: KitapFest–2026 жаңа форматта өтті

Бүгін 13:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика