Павлодарда өрттен бір жасар бала көз жұмып, тағы екеуі зардап шекті

Павлодарда өрттен бір жасар бала көз жұмып, тағы екеуі зардап шекті Сурет: Kznewskz.kz

Кеше Павлодар қаласындағы "Усолка" шағынауданында екі қабатты кірпіш үйдің бірінші қабатында болған өрттен екі бала зардап шегіп, бір бала көз жұмды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


«10 желтоқсанда сағат 17.57-де "Усолка" шағынауданында екі қабатты кірпіш үйдің бірінші қабатында өрт шыққан. Үйде 5 жасар ұл мен 14 жасар қыз бала болған. Сонымен бірге үйдің залында 2021 жылы туған баланың күйік шалған денесі табылды. Үйде үлкендер болмаған», - делінген полиция хабарламасында.


Өрттен зардап шеккен балалар ауруханаға жатқызылмаған.


«Дәрігерлер оқиға орнына келген кезде, 2008 және 2017 жылы туған балаларға күйзеліске түсу диагнозын қойды. Қазіргі таңда балалар анасымен бірге", — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21