AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Павлодарда бала балконнан құлап кетті

Павлодарда бала балконнан құлап кетті

Оқиға 20.07.2025, 14:26 618 Сұлу
Павлодарда бала балконнан құлап кетті
Сурет: Resbash.ru

Павлодарда 9 жастағы бала 3-қабаттағы балконнан құлап кетті, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл оқиға жайлы өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенова айтты. Оқиға 19 шілде күні кешке болған.

Қазір бала жансақтау бөлімінде жатыр.

"2016 жылы туған, ерекше білім беруді қажет ететін бала үшінші қабатта орналасқан ортақ кіреберіс балконынан құлаған", – деді Шәкенова.

Куәгерлердің айтуынша, бала екінші қабаттың төбесіндегі жаппаға құлаған. Оны жедел жәрдем дереу ауруханаға жеткізген.

Облыстық балалар ауруханасының мәліметінше, балада ауыр жарақаттар анықталған:

"Балада кататравма, екінші дәрежелі травматикалық шок, жабық бас-сүйек ми жарақатын алған, миы шайқалған, көкірек қуысының жарақаты бар, қол сүйегі сынған, ішкі ағзалары зақымданы тіркелді", – деп хабарлады дәрігерлер.

Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы ауыр.

Бұл ауруханаға бір күн бұрын Ақсу қаласынан 2 жастағы сәби де жеткізілген.

"Баланың анасының айтуынша, 18 шілдеде кешкі сағат 20:00 шамасында ұлы жеке үйдің терезесінен құлап кеткен. Құлау биіктігі шамамен 1,5 метр. Бала жабық бас-сүйек ми жарақатын алған, миы шайқалған, желке сүйегінің ойық сынығы бар. 19 шілдеде бас сүйегіне трепанация жасалды", – деді дәрігерлер.

Қазір сәби аурухананың травматология бөлімінде жатыр.

"Баланың жағдайы ауыр, бірқалыпты", – деді дәрігерлер.

Биыл жыл басынан бері Павлодар облысында 11 бала терезеден құлап кеткен, олардың екеуі қаза тапқан. Жарақат алғандардың көпшілігі 5 жасқа дейінгі балалар.

Полиция мен құтқарушылардың айтуынша, балалардың терезеден құлауы жарақат алудың және өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі болып отыр. Қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін мамандар бөлмені желдету кезінде балаларды қараусыз қалдырмауға, балконға үлкендердің ертуінсіз шығармауға, терезе маңына жиһаз қоймауға және ұйықтап жатқан баланы жалғыз қалдырмауға кеңес береді. Терезелерге қауіпсіздік блокираторларын немесе арнайы торлар орнату ұсынылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Павлодар #бала #терезе #құлау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай гастрономиялық жәрмеңке ұйымдастырылды

Бүгін 18:18

Эндокринолог денсаулыққа зиян тіскебасар түрін атады

Бүгін 17:27

Мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Бүгін 16:25

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Бүгін 15:03

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Бүгін 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика