AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Павлодар облысының экожүйесін сақтауға Ертіс өзені...

Павлодар облысының экожүйесін сақтауға Ертіс өзені арқылы 6,3 млрд текше метрден астам су жіберілді 

Әлеумет 12.05.2025, 12:39 729 Bakyt
Павлодар облысының экожүйесін сақтауға Ертіс өзені арқылы 6,3 млрд текше метрден астам су жіберілді 
gov.kz

Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан Павлодар облысы аумағындағы Ертіс өзенінің жайылымына 6,3 млрд текше метрден астам су жіберілді. Бұл жұмысты Су ресурстары және ирригация министрлігі табиғатты қорғау мақсатында жүргізіп жатыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Ертіс өзенінің жайылмалы аумағындағы флора мен фаунаның тіршілік ету ортасын және табиғи өнімділігін сақтау үшін жыл сайын су жіберіліп тұрады. Бүгінгі таңда өзеннің орта ағысындағы балықтардың уылдырық шашатын табиғи аймақтары су астында қалды. Сондай-ақ су жіберу Ертіс өзенінің арнасын тазалауға да бағытталған. 

Қазір Павлодар облысындағы гидробекеттерде су деңгейінің көтерілгені және Ертіс өзенінің жайылымды аумақтарын су басқаны байқалып отыр. Сондай-ақ Павлодар облысында Шідерті өзенінің жайылымына да табиғатты қорғау мақсатында су жіберіліп жатыр. Бүгінгі таңда К. Сәтбаев атындағы каналдан 60 млн текше метрден астам су бағытталды. 

Екібастұз қаласы мен Ақтоғай ауданының ауылдық аумағындағы флора мен фаунаны сақтауға, сондай-ақ Әулиекөл көлдер жүйесі, Басентин және Шығанақ көлдерін толтыруға жалпы көлемі 120 млн текше метр су бағыттау жоспарланып отыр.

Бүгінде Екібастұз қаласының ауылдық аймағындағы 9 мың гектардан астам көлтабандар суға толды. Жалпы алғанда 21 мың гектардан астам алқапқа су жіберу жоспарланған. Табиғатты қорғау жұмыстары басталғаннан бері Шығанақ көліне 10 млн текше метр су келді.

«Табиғатты қорғау мақсатында жіберілетін су тек қоршаған ортаны және өңірдің табиғи байлығын сақтауға көмектесіп қана қоймайды. Бұл ауыл шаруашылығының, мал шаруашылығының және жалпы Павлодар облысы экономикасының дамуына ықпал етеді. Ал бұл жергілікті халықтың тұрмысына оң әсерін тигізеді», 
- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Павлодар #Нұржан Нұржігітов #Су ресурстары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);