AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Пәтер құнының қымбаттауына жол берілмейді

Пәтер құнының қымбаттауына жол берілмейді

Әлеумет 01.02.2022, 04:02 1,230
Пәтер құнының қымбаттауына жол берілмейді
aigak.kz


Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев құрылыс саласында министрліктің атқарып жатқан жұмыстары жөніндегі баяндамасында айтып берді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz BAQ.KZ тілшісіне сілтеме жасап.



Бүгінгі күні құрылыс саласында 46 476 кәсіпорын жұмыс істейді, жұмыспен қамтылғандар - 641 мың жұмыскер мен маман. Біз жұмыс орындарын сақтау және ұлғайту жөніндегі саясатты одан әрі жалғастырамыз. Бұдан басқа, біздің министрліктің негізгі мақсаттары - тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ету, оның құнының қымбаттауына жол бермеу және халықтың өмір сүру сапасын арттыру, - деді ол.



Оның сөзінше, тұрғын үй және құрылыс материалдары құнының қымбаттауына жол бермеу үшін министрлік үш бағытта жұмыс жүргізіп жатыр.



Біріншісі, құрылыс саласын цифрландыру. Екіншісі, баға белгілеу жүйесін жетілдіру және құрылыстағы бақылауды күшейту. Үшіншісі, құрылыс материалдары өндірісін дамыту. Құрылыс саласын цифрландыру бойынша жүйе - Ақпараттық модельдердің мемлекеттік банкі енгізіліп жатыр, ол құрылыс объектілерін онлайн форматта, оның ішінде ақпараттық модельдеу технологияларын қолдана отырып модельдеуге мүмкіндік береді, - деп айтты Қайырбек Өскенбаев.



Айтуынша, «Е-Құрылыс» жүйесі онлайн-режимде қазаншұңқыр қазудан бастап пайдалануға беруге дейінгі барлық кезеңдегі құрылыс процесін бақылауға мүмкіндік береді.



Үлестік қатысу шарттарын есепке алу үшін «Қазтізілім» енгізілді. Ол жосықсыз құрылыс салушылардан үлестік құрылыс бойынша тұрғын үй сатып алу қауіп-қатерін барынша азайтады. Маркетплейс онлайн-платформасында нарықта компаниялар құрылыс материалдарын өндірушілерден делдалсыз тікелей сатып ала алады. «Е-Шаңырақ» платформасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық субъектілерінің бірыңғай жүйесі болып табылады және тұрғын үй қорын басқарудың ашықтығын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына мониторинг пен талдауды қамтамасыз етеді, - дейді ИИДМ басшысы Үкіметте жасаған баяндамасында.



Сөзінше, саланы цифрландыру бойынша қабылданып жатқан шаралар бюрократияны төмендетеді және құрылыстағы рәсімдерді жеңілдетеді.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #құрылыс #үкімет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);