ffin.kz

Пәтер жөндеу барысында алаяқтардан қалай сақтануға болады?

Пәтер жөндеу барысында алаяқтардан қалай сақтануға болады? Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Ұлттық тұтынушылар лигасы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Светлана Романовская пәтерді жөндеу қызметін ұсынатын алаяқтардан қалай аулақ болу керектігі туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Сарапшы алаяқтардың айла-амалдарынан қорғану және пәтерді жөндеуге екі рет шығындалмас үшін не істеу қажеттігін айтты. Ол үшін ең алдымен сарапшы мамандармен кеңесіп, барлық шарттарды келісім-шартта бекітіп алу қажеттігі айтылған.



«Келісім жасасып, онда орындалуы тиіс жұмыстардың барлық ауқымын нақты көрсету керек. Бұл, әрине, лицензияланған қызмет түрі емес. Егер жөндеу жұмыстарын жүргізетін компания өз материалдарын ұсынса, онда сәйкестік сертификаттарын талап ету керек. Яғни, жөндеуге пайдаланылатын тауардың көшірмесі келісім-шартқа тіркелуі керек. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамына хабарласып, келісім-шарттың үлгісін сұрауды ұсынамын. Ал оны толтырғаннан кейін, оған қол қоймастан, заңгермен кеңесіңіз. Осы жағдайда проблемалы мәселелер әлдеқайда аз болады. Ал егер жөндеу жұмыстарын жүргізетін компания немесе жеке тұлға бұл келісімге қол қоюдан бас тартса, оның қызметіне жүгініп, ақша төлеуден аулақ болыңыз», - деп бөлісті ол.



Сондай-ақ С. Романовская Ұлттық тұтынушылар лигасына жөндеу жұмыстарына алдын-ала 100 пайыз төлем жасап, ал жасалған жұмыстарға келгенде көңілі толмайтын азаматтардың көптеп жүгінетінін айтты.



«Егер жөндеу жұмыстары уақытында жасалмаса, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңға сәйкес жөндеушілер қабылдаған міндеттемелерді орындауды кешіктірген әрбір күн үшін 1 пайызын алуға құқығыңыз бар. Сондықтан сіз төлеген соманың бір пайызын есептеңіз. Ал егер келісім-шартта белгіленген мерзім бұзылса, жаңа мәселелердің туындағанын күтпей, сол күні келісім-шартты бұзуға құқығыңыз бар», - деп бөлісті сарапшы.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04