конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Құрылтай / Партиялар өңірлерді аралады: олар дәрігерлермен, ж...

Партиялар өңірлерді аралады: олар дәрігерлермен, жұмысшылармен, фермерлермен және студенттермен не туралы сөйлесті?

Құрылтай Бүгін 15:52 36
Партиялар өңірлерді аралады: олар дәрігерлермен, жұмысшылармен, фермерлермен және студенттермен не туралы сөйлесті?

Елордада сайлау стратегиялары талқыланып жатқанда, өңірлерде ветеринариялық станциялар, аяқкиім фабрикалары мен тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау сияқты күнделікті мәселелерге толы өмір жалғасуда, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Құрылтай депутаттығына кандидаттардың қай өңірлерге барып, тұрғындармен қандай тақырыптарды талқылағанына шолу жасаймыз.

«Әділет» партиясы студенттермен, оқытушылармен, кәсіпкерлермен және креативті индустрия өкілдерімен тікелей диалог жүргізу тактикасын таңдады. Қостанай облысының Боровское ауылында кандидат Еділ Хамза жергілікті тұрғындармен кездесіп, өңір үшін өзекті мәселелерді талқылады. Ал Батыс Қазақстан облысында тұрғындар, кәсіпкерлер, шығармашылық сала өкілдері, жастар мен еңбек ұжымдарымен кездесу өтті. Кездесу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралды.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау және қайта өңдеу мәселелерін талқылады. Бұл тақырыптар ауқымды саяси мәлімдемелерден гөрі қарапайым көрінгенімен, әрбір тұрғынның өміріне тікелей қатысты. Таныстырылымға экологтер, мүлік иелері бірлестіктерінің өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Сонымен қатар Құрылтай депутаттығына кандидат Анаргүл Әбенова жер үлесі иелерімен кездесіп, жер қатынастарына қатысты мәселелерді талқылады.

«Байтақ» партиясы әртүрлі өңірлерде экологиялық ұйымдар мен кәсіпорындар өкілдерімен бірқатар кездесу өткізіп, табиғатты қорғау саласының сарапшы мамандары қатысқан талқылау ұйымдастырды. Кездесулердің күн тәртібіне қарағанда, партия қоршаған ортаны қорғау мәселесін басты назарда ұстап отыр.

Қазақстанның Халық партиясы әлеуметтік саясат мәселелерін күн тәртібіне шығарды. Астанада кандидаттар Ләззат Ақтаева мен Нұржан Бияқаев қалалық жедел медициналық жәрдем станциясына барып, дәрігерлер мен фельдшерлермен кадр тапшылығы, еңбек жағдайы және шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру мәселесін талқылады. Кездесу барысында жедел жәрдем қызметінің жұмысы, кадрлық қамтамасыз ету, медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайы және шұғыл медициналық көмек көрсету жүйесі қамтылды.

«Ауыл» партиясының өкілдері партия төрағасы Қайрат Айтуғановтың бастауымен Солтүстік Қазақстан облыстық ветеринария басқармасының ұжымымен кездесті. Кездесу барысында ветеринариялық қызметтің жұмысына қатысты мәселелер талқыланып, саланың қызметіне қатысты өзекті мәселе көтерілді.

«Ақ жол» демократиялық партиясы өндіріс орындарын аралау бағытын таңдады. Таразда партия төрағасы Дания Еспаева «ТаразКожОбувь» кәсіпорнына барып, жұмысшылармен өндіріс цехында жүздесті. Ал Атырауда кандидат Ермекқали Юсупов ITC WEST логистикалық орталығында болды. Еңбек ұжымдарымен кездесулер Жамбыл, Атырау, Ұлытау облыстарында, Қостанай мен Шымкентте де өтті. Партия өкілдері еліміздің өзге өңірлерінде де тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен кездесулерін жалғастырды. Сонымен қатар «Ақ жол» кандидаттары Respublica партиясы өкілдерінің мәлімдемесіне пікір білдірді. Мәжілістің бұрынғы депутаты Меруерт Қазбекова экс-депутат Олжас Көпбековтің депутаттық сауалдарға қатысты мәлімдемесіне өз көзқарасын білдірді.

Respublica партиясы төрағасының орынбасары Жанат Ысқақов ТМД халықаралық байқаушылар миссиясының өкілдерімен кездесті. Тараптар сайлау науқанына дайындықты, сайлауалды штабтың жұмысын, үгіт-насихат жүргізу ерекшеліктерін, цифрлық платформаларды пайдалануды, сондай-ақ партиялық тізімді жасау мен кандидаттарды іріктеу мәселелерін талқылады. Халықаралық байқаушылар миссиясының өкілдері өз кезегінде  жұмыстың қағидаттары мен әдістері туралы айтып берді. Түркістанда партия басшылығының, Құрылтай депутаттығына кандидаттардың және партия жақтастарының қатысуымен форум өтті. Форум барысында әлеуметтік-экономикалық күн тәртібі, заңнама және өзге де мәселелер талқыланып, партия өкілдері қатысушылардың сұрағына жауап берді. Сонымен қатар Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров Қазақстанның Халық партиясының бұрынғы төрағасы Ермұхамет Ертісбаевтың мәлімдемесіне пікір білдіріп, партияның бұл мәселеге қатысты бұдан ары жария пікірталасқа қатыспайтынын айтты.

Осылайша, партиялар өздерінің дәстүрлі бағыттары бойынша жұмысын жалғастырып жатыр. Бірі экология мен әлеуметтік сала мәселелеріне басымдық берсе, енді бірі өндіріс орындары мен өңірлерде халықпен тікелей диалог орнатуға назар аударды. Сонымен қатар сайлау науқанының тағы бір қыры – партиялардың бір-бірін сынауы, қарсы тараптың мәлімдемелеріне жауап беруі және өз ұстанымдарының ара-жігін айқындауға ұмтылысы қатар өрбіп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#партия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Томотерапия туралы түсіндірме: пациенттер сәулелік емді толық көлемде алуды жалғастыруда

Бүгін 16:12

«Нашақорлық пен киберқылмыстың алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесу өтті

Бүгін 15:49

Қазақстандық прокурорлар жасанды интеллект әзірлемелерін әлемге әйгілі сарапшы Кай-Фу Лиге таныстырды

Бүгін 15:25

Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбе облысындағы ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалармен танысты

Бүгін 15:00

Алматы хайуанаттар бағындағы кубалық қолтырауын Фидель 40 жасқа толды

Бүгін 14:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);