AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Парламент депутаттары әскери парадқа дайындық бары...

Парламент депутаттары әскери парадқа дайындық барысымен танысты

Әлеумет 07.04.2025, 13:00 937
Парламент депутаттары әскери парадқа дайындық барысымен танысты
Сурет: Gov.kz

Парламент Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге қатысушылардың дайындық барысымен танысу үшін Астана қаласында орналасқан далалық лагерьге барды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Далалық қосында депутаттар Айдос Сарым, Ермұрат Бапи, Болат Керімбек, Максим Рожин, Олжас Құспеков және «Қазақстан ардагерлері» Ауған соғысы ардагерлері қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл парадтық есептоптардың командирлерімен және әскери қызметшілермен кездесті. Қарулы күштер Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев депутаттарға шеруге дайындық туралы жалпы ақпарат беріп, әскери қызметшілер мен курсанттардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын таныстырды.

Депутаттар далалық лагерьдің тұрмыстық жағдайымен танысып, шатырларда температуралық режимді, монша кешендерін, медициналық пунктер мен тұрмыстық қызмет көрсету бөлмелерін, сондай-ақ әскери қызметшілердің тамақтануын ұйымдастыруды тексерді. Олар сондай-ақ парадқа қатысатын қарулы күштердің әртүрлі түрлерінің әскери киім үлгілерімен танысты.

- Биыл біз Жеңістің 80 жылдығын бүкіл елімізбен бірге атап өтеміз. Бұл тарихи оқиға болғандықтан, парадқа дайындықты өз көзімізбен көру үшін келдік. Далалық лагерьде жаңа типтегі шатырлар орнатылып, әскери техника парадқа дайын. Ең бастысы, біз сарбаздар үшін барлық жағдайлар жасалғанына көз жеткіздік. Барлығы жоспар бойынша жүріп жатыр, тек ауа райы қолайлы болса екен, – деп атап өтті депутат Айдос Сарым.

Депутаттар Жеңіс парадына қатысушыларға олардың қызметі үшін алғыс айтып, шараның жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтетініне сенім білдірді.

Іс-шара соңында Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы әскери қызметшілер мен депутаттар үшін концерт қойды. Әскери өнерпаздар соғыс жылдарындағы әндерді орындап, орталықтың әскери оркестрі Астанада өтетін парадтың музыкалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететінін хабарлады.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әскери парад #Парламент депутаттары #дайындық барысы #тексеру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көпбалалы әскери қызметшінің отбасында дүниеге үшем келді

Бүгін 21:37

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Жетісу ауданының жастарымен кездесті

Бүгін 21:26

Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

Бүгін 20:50

Паралимпиадалық орталық пен медициналық кешен: Алматы әкімі жаңа нысандардың жобаларын қарады

Бүгін 19:21

Almaty SuperSki жобасы аясында ғылыми зертхана салынады

Бүгін 19:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);