конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Паркингтің де өз тәртібі бар

Паркингтің де өз тәртібі бар

Әлеумет 22.11.2023, 09:35 1,221
Паркингтің де өз тәртібі бар
Сурет: Electricalschool.info

Паркингтерде электромобильдерді зарядтау станцияларын пайдалануға жол берілмейді


Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтардың электромобильдер мен оларды зарядтау станцияларының орналасуы туралы көптеген өтініштерін ескере отырып, біздің елде оларға қойылатын талаптардың жоқтығына алаңдауда.


Бұл факт барлық мүдделі мемлекеттік органдар тарапынан ерекше назар аударуды талап етеді. Өйткені соңғы уақытта бүкіл әлемдегідей біздің елімізде де электромобильдерге сұраныс артып келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 


Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сәйкес ағымдағы жылдың 25 қыркүйегіндегі ахуал бойынша республика аумағында 6,5 мыңнан астам электромобиль пайдаланылуда.


Бұл ретте электромобильдерге орнатылған батареялар электр қуатын жиі зарядтауды қажет етеді. Бүгінгі таңда елімізде тұрғын және қоғамдық ғимараттардың автотұрақтары мен паркингтерінде зарядтау станцияларының белсенді орнатылып жатқаны байқалады.


Сонымен қатар, ТЖМ электромобильдерде орнатылған литий-ионды аккумуляторлардың өрт қауіпті сипаттамаларына назар аударады. Электромобильдердегі өртті сөндірудің шетелдік тәжірибесі литий-ионды батареялардың тұйықталуы, істен шығуы, өздігінен тұтануы және жарылуы мүмкін екенін көрсетеді.


Осыған байланысты, ТЖМ электромобильдер мен олардың зарядтау станцияларын орналастыру жөніндегі халықаралық тәжірибені зерделей отырып, зарядтау станцияларының орналасқан орнына, орналастырылатын электромобильдер мен зарядтау станцияларының санына қойылатын талаптарды, ең аз арақашықтық және т. б. белгілеу бөлігінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге өзгерістер енгізу қажеттігін атап өтті. Электр көлігін пайдаланудың практикалық тәжірибесін зерттеу үшін Қытай мен Түркияға қосымша сұраныстар жіберілді.


ТЖМ сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі уәкілетті органның атына тиісті талаптарды мемлекеттік нормативтерде белгілеу қажеттілігі туралы хат жолдағанын атап өтеміз.


Осыған байланысты, ТЖМ әртүрлі мақсаттағы ғимараттарында электромобильдерге арналған зарядтау станцияларын орналастыруға жол беру бөлігінде мемлекеттік нормативтерге қажетті талаптарды заңнамалық реттеуден және олар енгізілгеннен кейін қабылданған түзетулерге сәйкестікке келтіру мақсатында өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптары қайта қарайтынын хабарлаймыз.


Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, тиісті нормативтік құқықтық актілер қабылданғанға дейін бокстарда, паркингтерде, көлік құралдарын қоюға арналған үй-жайларда, өндірістік гараждардың үй-жайларында, шатырлардың астында және электромобильді зарядтауға арналған көлікті сақтау ашық алаңдарында айнымалы токтың зарядтау станцияларын пайдалануға жол берілмейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#паркинг #Электромобиль #зарядтау станциялары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13

Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Бүгін 11:05

Қазақстанда бір палаталы Құрылтай жұмыс істей бастайды

Бүгін 09:49

Жаңа Конституция – жасампаз әрі озық Қазақстанның негізі

Бүгін 09:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);