AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Парижде экосыйлықтар жәрмеңкесі ашылды

Парижде экосыйлықтар жәрмеңкесі ашылды

Әлем 20.12.2024, 17:25 886 Nursok82
Парижде экосыйлықтар жәрмеңкесі ашылды
видеодан алынды

Парижде Рождество мерекесі қарсаңында тұңғыш рет экосыйлықтар жәрмеңкесі ашылды.

Онда көненің көзіндей бұйымдарға жаңа өмір сыйланған түрлі әшекейлер мен тұрмыстық заттар қойылған. Биылғы жаңа жыл париждіктер үшін ерекше сыйлықтармен есте қалмақ, деп хабарлайды aqshamnews.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Елдегі ең ірі қайырымдылық ұйымдардың бірі бастама көтеріп, алғаш рет қайта өңделген сыйлықтар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бұл базарлықтарды дайындау үшін Францияның түкпір-түкпіріндегі шеберлер екі ай бойы тынымсыз еңбек еткен. 

Латифа Лальми, тігін ательесінің шебері: - Қазір Рождестволық жәрмеңкелер маусымы. Сондықтан жұрт жақынына сыйлық аламын деп біраз шығындалады. Осы ретте біз оларға  қайта өңделген заттың не екенін айтқымыз келді.

Жәрмеңке сөрелерінен түрлі кәдесыйларды да табуға болады. Олардың арасында журналдардан жасалған орындықтар, Париж Олимпиадасы кезінде стадионның төбесін жапқан брезенттен тігілген сөмкелер мен ескі жемпірлерден жасалған ойыншықтар бар. Осындай ерекше сыйлықтарға сатып алушылар тарапынан асқан қызығушылық байқалады.  

Маэль, сатып алушы: - Ескі бұйымдарға жаңа өмір сыйлау идеясы өте керемет. Сонымен қатар осы жоба арқылы өңірлердегі азаматтарды жұмыспен қамту жағы да ұнады. Сондықтан осы бір керемет идеяны қолдау мақсатында келіп тұрмын.

Әлеуметтік әрі экологиялық мәні бар сыйлықтарды сатып алу париждіктердің көңілінен шықты. Сондықтан жәрмеңке Рождество мерекесі аяқталған соң да жалғасын таппақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#париж #Көрме #мәдениет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);