Париж Олимпиадасы: Кирилл Герасименко қарсыласынан жеңісті жұлып алды

Париж Олимпиадасы: Кирилл Герасименко қарсыласынан жеңісті жұлып алды Сурет: Global Look Press

Үстел теннисінен Ұлттық құрама көшбасшысы Кирилл Герасименко Париж Олимпиадасының 1/16 айналымында Дан Цюдан жеңісті жұлып алды.

Отандасымыз бен германиялық ойыншы арасындағы матч 4-3 есебімен аяқталды (6:11, 11:6, 11:13, 5:11, 11:5, 11:9, 11:6). Кирилл ойын барысында 1-3 есебімен жеңіліп тұрды. Осы кезде жинақылық танытып, келесі кезең жолдамасына иелік етті, деп хабарлайды aqshamnews.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап. 

Дан – 2022 жылғы Еуропа чемпионы. Оның ата-анасы кезінде үстел теннисімен кәсіби деңгейде ойнап, өткен ғасырдың аяғында Қытайдан Германияға қоныс аударған.

Айта кетейік, 27 жастағы спортшымыз келесі кезеңде Мысыр/Эквадор өкілімен ойнайды. Ол Риодағы ойындарда бірінші кезеңнен өте алмаса, Токиода бір ойыннан кейін жарысты аяқтаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:51

11:46

10:28

09:20

19:56

17:41

16:38

15:06

14:32

12:33

11:15

10:33

09:24

18:10

17:58

17:46

17:17

17:07

16:41

16:24

16:17

16:01

15:41

15:18

15:02