AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Озық тәжірибе алаңы

Озық тәжірибе алаңы

Білім және ғылым 10.02.2025, 12:16 773
Озық тәжірибе алаңы
Сурет: автор

Жетісу ауданына қарасты №103 мектеп-гимназиясында  «Оқу үдерісінде интерактивті әдістерді пайдалану» атты қалалық семинар өтті.  

Семинарды №103 мектеп-гимназия директоры Айгүл Өмірзақова  ашып, білім берудегі инновациялық цифрлық сауаттылықты заман талабына сай интеграциялау  мен озық педагогикалық тәжірибе алаңын құруға шақырды. Алдымен аталмыш мектеп  директорының орынбасары Үміт Батырханова  қатысушыларды шараның мақсаты мен бағыты, жалпы өткізіліп отырған семинардың  жұмыс тәртібімен таныстырды.қала педагогтерінің басын қосқан жиынға  «Өрлеу» Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты оқытушылары Сандугаш Оралханқызы, Гүлбала Кеніштайқызы, Айгүл Аманжолқызы, Назерке Әлімбайқызы, Магрипа Асқарқызы мен  «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының»  әдіскері Кәмшат Қыдырбайқызы қатысып, бағыт-бағдар берді.            

Семинар барысында Гүлбала Кеніштайқызы «РISA бойынша деңгейлік тапсырмалар құрастыру»  тақырыптарында семинар-тренинг өткізді. «Биылғы жылы  РISA зерттеулері Қазақстанда өткізіледі. Оған 15 жастағы білім алушылар қатысады. Бұл бағдарламаның ерекшелігі – мектепте алған білімдерін қолдана отырып, өмірлік жағдаяттарды шеше алуында. Бүгінгі күннің талабы осы. Соған сәйкес, оқу сауаттылығында РISA-ның 6 деңгейлі тапсырмаларын орындай алып,  ашық дереккөздерден алынған ақпаратты талдай білуі тиіс. Бұл мәтінді дұрыс таңдау,  оқу сауаттылығына мән беру, тапсырманы дұрыс бере білу» деп тұжырымдады.

Сонымен қатар, педагогтер практикалық жұмыс барысында интерактивті оқытудың әртүрлі құралдарын саралап, сабақ мазмұнын цифрлық платформалар негізінде құруды және ақпараттың сапасын бағалауды, ақпараттың сенімділігін анықтауды, РISA бойынша деңгейлік тапсырмалар құруды үйренді.

Семинар барысында интерактивті әдістер мен цифрлық құралдарды оқу үдерісіне тиімді енгізу жолдары қарастырылып, №103 мектеп-гимназия педагогтері  пән мұғалімдерінің цифрлық дағдыларын дамытуға бағытталған шеберлік сабақтарын өткізді. 
Семинарға  қатысушылар кері байланыс жасап,  қажетті платформалармен жұмыс жасауға, заманауи білім беру әдістемелерін жинақтауға және жаңа технологиялар бойынша практикалық тәжірибе алмасуға кеңінен мүмкіндіктер  жасаған мектеп әкімшілігіне ризашылықтарын білдірді.

Семинар жұмысын  «Кәсіби даму институтының»  аға оқытушысы Сандуғаш Оралханқызы «Ақпараттық және медиасауаттылық – бұл қазіргі замандағы ақпаратты тиімді табу, талдау, пайдалану және құрудағы маңызды қабілеті болып табылады. Педагогтер оқушыларға ақпараттың сапалы және шынайылығын анықтауды, дұрыс пайдалануды және ақпараттық қауіптерден қорғануды үйретуі керек. Ақпараттық және медиасауаттылық білім беру процесін жетілдіруге, оқушылардың жаңа білімдерді алу және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Қазіргі заманғы технологиялардың дамуы әртүрлі ақпарат көздерін кеңінен пайдалануды талап етеді. Ақпаратты дұрыс қолдану шығармашылық қабілеттерді арттырып, кәсіби деңгейде өсуге ықпал етеді. Бұл жерде ақпараттық сауаттылық көмекке келеді. Сондықтан да, кез-келген ақпаратты дұрыс, сауатты пайдалану, ақпаратты жинақтауға, талдауға және ұсынуға арналған қажетті дағдылар қазіргі педагогтерімізде болу керек»- деген    сөзімен түйіндеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#озық тәжірибе #Семинар #мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

Бүгін 16:18

Оқушылар сарайының Наурыз керуені алматылықтардың жүрегін баурады

Бүгін 14:57

Қазақстандық блогерге мемлекетаралық іздеу жарияланды

Бүгін 14:44

Алматыда «Nauryz Fest» мерекелік концерті көктемнің шуақты мерекесін қарсы алды

Бүгін 12:31

Алматыда Наурыз мерекесіне орай «NAURYZ OPEN AIR» атты мерекелік концерт өтеді

Бүгін 12:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика