Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Көрме / «Өзгенің жаны үшін жаным пида»

«Өзгенің жаны үшін жаным пида»

Көрме 27.07.2023, 05:28 3,743
«Өзгенің жаны үшін жаным пида»
almaty-akshamy.kz

Ақ халатты абзал жандарға арналған көрме осылай аталады



Қазақстанның бейнелеу өнері саласында кейінгі 40 жылда болмаған өзгеше көрме ашылды. Дәлірек айтсақ, мегаполистегі Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде медицина қызметкерлеріне арналған «Өзгенің жаны үшін жаным пида» атты республикалық көрме шымылдығын түрді.


Елдік деңгейдегі аталмыш көрмені Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Яблоневая палитра» кәсіби суретшілер қоғамы ұйымдастырған. Өзгеше көрмеге Алматы, Астана, Қарағанды, Ақтөбе, Орал, Тараз, Шымкент өңірі мен Алматы облысынан қатысқан 40-тан астам суретшінің туындылары қойылған. Көрме экспозициясына 50-ге жуық кескіндеме, графика, мүсін, қолданбалы өнер туындылары ұсынылған.  


Көрме медицина саласындағы елге танымал дәрігерлердің бейнесі мен олардың баға жетпес еңбегін, жалпы ақ халатты абзал жандардың негізгі қызметін көрсету мақсатында ұйымдастырылған. Қылқалам шеберлері туындыларында адам өмірі үшін күрестегі жанкешті еңбекті, үміт, сенім және қуанышты бейнелеген.  




– Көрменің ерекшелігі – еліміздің әр өңірінен қатысқан суретшілердің 2020 жылы әлемде болған «СOVID-19» пандемиясы кезінде, сондай-ақ медицинаның әрбір саласының мамандарының өмір мен өлім арасына араша түсіп, өз жанын пида еткен және аянбай табан тіресе күрескен еңбектері әртүрлі жанрда көрініс табуы. Суретшілер тақырыпқа байланысты өз креативті ой-тұжырымдарын мейлінше айқындап, авторлық стиль мен тақырыптық, композициялық концептуалды шешімдерін реалистік, абстракциялық, авангардтық, минимализмдік, концептуалдық мәнердегі көркемдік идеяларын кеңінен таныта білген, – дейді Ә.Қастеев атындағы музейдің «Педагогика және жобалау қызметі» бөлімінің басшысы әрі көрме жетекшісі Гүлнар Жұбаниязова.



Ақ халатты абзал жандардың жанкешті еңбегін қылқалам шеберлерінің көзімен көргіңіз келсе, «Өзгенің жаны үшін жаным пида» көрмесіне келіңіз. Экспозиция тамыз айының 7-не дейін жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#денсаулық #дәрігер #Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алатау-Ақпарат» пен «Қызылжар-Ақпарат» арасында меморандумға қол қойылды

Бүгін 18:16

Алматы мен Үндістан бизнес және инвестициялық байланысты күшейтпек

Бүгін 18:01

Алматыдағы Сәтбаев көшесі халықаралық стандарттарға сай жаңартылады

Бүгін 17:42

Алматылық спортшы Түркияда өткен халықаралық турнирде жүлдегер атанды

Бүгін 17:32

Астанада Перизат Қайратқа тиесілі болған көлік аукционға қойылды

Бүгін 16:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика