Қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтеді., деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
2026 жылғы 25–27 қыркүйек аралығында Ақтау қаласында халықаралық «Каспий – достық теңізі» фестивалі өткізіледі.
Фестиваль бағдарламасы аясында халықаралық ән байқауы ұйымдастырылып, Ақтау қаласының туған күніне орай қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік гала-концерт өтеді.
Бағдарлама:
25 қыркүйек – халықаралық «Каспий – достық теңізі» эстрадалық вокал фестиваль-байқауының салтанатты ашылуы.Өтетін орны: 15 ш/а «Амфитеатр» алаңы. Уақыты: 19:00;
26 қыркүйек – байқаудың конкурстық бағдарламасы. Өтетін орны: 4А ш/а «Жартасты соқпақ» алаңы. Уақыты: 17:00;
27 қыркүйек – фестиваль-байқаудың жабылу салтанаты және Ақтау қаласының туған күніне арналған мерекелік гала-концерт. Кештің жұлдыздары қатарында Лұқпан Жолдасов, Тамара Асар, Raim, Маржан Арапбаева және Жанар Дұғалова. Өтетін орны: 15 ш/а «Амфитеатр» алаңы.
Уақыты: 19:00.