AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Өзбекстанда қазақ жауынгерлерінің бейіті табылды

Өзбекстанда қазақ жауынгерлерінің бейіті табылды

Оқиға 22.10.2022, 13:30 1,850
Өзбекстанда қазақ жауынгерлерінің бейіті табылды
Сурет: 24.kz

Мұнда шамамен 1 жарым мыңға тарта кеңес жауынгері мәңгілік мекен тапқан


Соғыс жылдары Ташкент госпиталдерінде қайтыс болған қазақ жауынгерлерінің бейіті табылды. 50-ге тарта майдангердің сүйегі Өзбекстан астанасындағы бауырластар зиратында жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. 


Тарихи дерек таяуда ғана анықталды. 


Бауырластар зиратына әдетте мұсылмандық немесе христиандық белгілер қойылмайды. Соғыста шейіт болғандарға ортақ бір ғана ескерткіш бар. Ол – жарын, бауырын және баласын жоқтаған ананың мүсіні. Ташкенттегі бауырластар зираты өткен ғасырдың 70-жылдары ашылды. Мұнда шамамен 1 жарым мыңға тарта кеңес жауынгері мәңгілік мекен тапқан. 


Ташкент тұрғыны Татьяна Дубовик – «Ташпоиск» қоғамдық ұйымының жетекшісі. Бауырластар зиратында жерленген қазақ жауынгерлері туралы тарихи деректі тауып, жарыққа шығарып отыр. Бұл жерде 1 мың 300-ден астам мәрмер тас бар, әрбірінің астында қызыл әскер солдатының сүйегі жатыр. 



«Бір кездері Орта Азия бойынша әскери округ саналған мекеменің құжаттарын таптық. Соның ішінде санитарлық бөлімдердің архиві және госпитальдерде емделген жауынгерлердің тізімі жазылған. Өзбекстан аумағында нақты 49 қазақ солдатының бейіті барына көзіміз жетті. Іздеу, сәйкестендіру жұмыстары әлі де жалғасады», - дейді «Ташпоиск» қоғамдық ұйымының жетекшісі Татьяна Дубовик.



Зираттың жоғарғы жағында әскери атақ пен шен иелері, ал төменгі тұста сарбаздар жерленген. Соғыс кезінде бұл маңда әскери госпиталь жұмыс істеді. Майдан даласынан жеткізілген жауынгерлердің көбі алған ауыр жарақатынан көз жұмды. Бейітте темір генерал Сабыр Рахымовтың ескерткіші де бар. Польшада қаза тапқан батырдың сүйегі Ташкентке қайта жерленген. 



«Адамдардың аты-жөні дұрыс жазылмауы да мүмкін. Себебі 70-жылдарға дейін қалада 70-тен аса бауырластар зираты болды. Кейін барлығы осында көшірілді. Жауынгерлер қайта жерленді», - дейді «Ташпоиск» қоғамдық ұйымының жетекшісі Татьяна Дубовик.



 Бейіттегі әрбір белгі соғыс құрбандары жайлы деректі бойына бүгіп жатыр. Тасқа қашалған жазуды уақыт өте оқу қиындап барады. Дегенмен зират әкімшілігі мәліметтерді  цифрлық форматқа көшіріп үлгерген. Жалпы қазақ жауынгерлерінің толыққанды тізімі астаналық «Атамның аманаты» ұйымында бар. Соған сай кей қазақстандық отбасылар батыр бабасының сүйегін тауып, ұрпақ аманатын орындады. 



«Кезінде жарақаттан қаза тапқан 49 жауынгердің тізімін берді. Біз оны әлеуметтік желіге орналастырдық. Мерке ауданынан Сәуле деген тұрғыны бізге хабарласты. Әбдіқадыров Әзімхан деген кісі қайын атасының інісі екен. Соғысқа бір отбасынан 4 ағайын кеткен. Қайын атасы оралған. Үш інісі хабар-ошарсыз кеткен. Ол кісі Самарқандта жерленіпті», - дейді «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Әлия Сағымбаева.



Отанды қорғау жолындағы ерен ерлік ешқашан ұмытылмайды. Бауырластар бейітіне кіреберісте де осындай жазуды оқыдық. Аумақ жергілікті әкімдіктің арнайы қорғауына алынған. Бағбандар кеңес жауынгерлері жатқан жерге ерекше күтіммен қарайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Өзбекстан #Қазақ жауынгері #Бейіт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Енді мемлекеттік қызметкерлер 4 күн жұмыс істеуі мүмкін

Бүгін 14:01

Алматыда Санжар Боқаев ұсталды

Бүгін 13:37

Алматы колледждері еліміздің ішкі туризмін дамытуға үлес қосып келеді

Бүгін 12:37

Алматыда заңсыз көші-қон арнасының жолы кесілді

Бүгін 12:26

Трансұлттық есірткі схемасы әшкереленді: 40 адам ұсталды

Бүгін 11:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика