AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Өзбекстанда жасы 12-ден асқан балаларға вакцина са...

Өзбекстанда жасы 12-ден асқан балаларға вакцина салуға рұқсат етілді

Әлем 29.09.2021, 04:59 1,298
Өзбекстанда жасы 12-ден асқан балаларға вакцина салуға рұқсат етілді
almaty-akshamy.kz

Өзбекстанда жасы 12-ден асқан балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салуға рұқсат етілді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Ведомствоның хабарлауы бойынша, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер мен Ұлттық техникалық иммунологиялық сараптама келісіміне сәйкес, ата-аналары немесе қараушылары рұқсат еткен жағдайда, жасы 12-ден асқан балалар Pfizer вакцинасын ерікті түрде салдырта алады.



«12-15 жас аралындағы балаларға өткізілген Pfizer вакцинасының клиникалық сынамалары жақсы нәтиже көрсетті. Осындай кеңесті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да беріп отыр», - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.



Ведомствоның хабарлауынша, қыркүйектің ортасында елге Pfizer вакцинасының 1,2 миллион дозасы жеткізілді. Бұл препарат Өзбекстанда пайдалануға рұқсат етілген бесінші вакцина болып отыр.


Еске сала кетейік, Өзбекстанда вакцина салу науқаны 1 сәуірден бастау алды. Вакциналау AstraZeneca, ZF-UZ-VAC2001, «Спутник-V», Moderna және Pfizer препараттарымен жүзеге асырылады. Бүгінде республикада 4 миллион адам толығымен вакцина алған.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ковид #екпе #Өзбекстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала күні: «Әнім сенсің, Алматы!» атты мерекелік концерті өтті

Бүгін 20:06

ҮШІНШІ АЛТЫН! ЖОЛАМАН БИГАБЫЛ КАРАТЭДЕН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Бүгін 17:46

ALMA-FEST CIRCUS – Алматы күніне арналған үш күндік цирк мерекесі

Бүгін 17:42

АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО ҚАЗАҚСТАНҒА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЕКІНШІ АЛТЫНЫН ӘКЕЛДІ

Бүгін 15:30

РИНАТА СҰЛТАНОВА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРЫС КҮНІ ҚАЗАҚСТАНҒА АЛҒАШҚЫ АЛТЫН МЕДАЛЬДІ ӘКЕЛДІ

Бүгін 15:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);