AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Өзбекстан Конституциясының Қарақалпақстанға қатыст...

Өзбекстан Конституциясының Қарақалпақстанға қатысты баптары өзгермейтін болды

Әлем 03.07.2022, 04:00 1,603
Өзбекстан Конституциясының Қарақалпақстанға қатысты баптары өзгермейтін болды
Сурет: Tolqyn.kz

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев ел конституциясына Қарақалпақстан егемендігін жоюға қатысты өзгерістерді кері қайтарды. Президент баспасөз қызметінің Telegram арнасындағы хабарға қарағанда, мемлекет басшысы Қарақалпақстанда зиялы қауым өкілдерімен кездесуде осындай пікір айтқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Президент бүгін Нөкіс қаласына барып, Қарақалпақстан Жоқарғы Кеңесінің депутаттары және қоғам белсенділерімен кездескен. Оның айтуынша, ел конституциясына өзгерістер енгізу туралы заң жобасы әлі де халық талқысында.



«Ерекше айтарым, «Өзбекстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы» Конституциялық заң жобасы жалпыхалық талқысынан толық өтеді. Содан кейін азаматтар білдірген пікірлер негізінде Заң шығару палатасы (Өзбекстан парламентінің төменгі палатасы) оны жетілдіре түседі», - деді Шавкат Мирзиеев.



Президент негізгі заңға халықтың пікірін ескере отырып өзгеріс енгізілетінін айтты.



«Қарақалпақстан Республикасының өзіне тән этникалық, мәдени ерекшеліктері, ұлттық әдет-ғұрыптары мен құндылықтары, айрықша құқықтық мәртебесін ескере отырып, жобадағы Қарақалпақстан Республикасының құқықтық мәртебесіне қатысты нормаларды өзгеріссіз қалдыру қажет деп есептеймін. Яғни, Конституцияның 70, 71, 72, 74, 75-баптары өзгертілмейді», - деп мәлімдеді Өзбекстан президенті.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Өзбекстан #Қарақалпақстан #Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов: Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды құрылыс бағдарламасы өнеркәсіп кооперациясын дамытуға елеулі серпін береді

Бүгін 22:30

Мемлекет басшысы AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында сөз сөйледі

Бүгін 21:01

Қазақстандық кәсіпорындардың инновациялық шешімдері «ИННОПРОМ. Беларусь» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінде таныстырылды

Бүгін 21:01

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ делегациясын қабылдады

Бүгін 20:15

Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары Алматыға оралды

Бүгін 20:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);