Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Отырар: өткенге саяхат түні

Отырар: өткенге саяхат түні

Әлеумет 19.05.2025, 17:14 852
Отырар: өткенге саяхат түні
сурет: Отырар музейі баспасөзінен

2025 жылғы 18 мамырда Түркістан облысы, Отырар ауданында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ұйымдастыруымен жыл сайын халықаралық деңгейде өткізілетін дәстүрлі «Музей түні» акциясы аясында «Отырар: Өткенге саяхат түні» тақырыбында мәдени іс-шара өтті.

 Шараның салтанатты ашылуына Отырар ауданы әкімінің орынбасары Құлмаханов Айдос Құлмаханұлы, аудандық мәслихаттың төрағасы Ұзақов Уалихан Жамалханұлы және «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК директоры Жандосов Айбек Қыстаубайұлы қатысып, шара қонақтары мен қатысушыларын құттықтап, тарихи құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шараның маңыздылығын атап өтті.

Мерекелік кеш барысында музей ісіне сіңірген еңбегі үшін музей ардагерлері мен қызметкерлері музей басшылығының, «AMANAT» партиясының және аудан әкімінің атынан арнайы марапаттармен және алғыс хаттармен марапатталды. Бұл құрмет – сала мамандарының мәдени мұраға қосқан үлесін бағалау мен олардың еңбегіне деген жоғары құрметтің көрінісі болды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – халықтың музей ісіне қызығушылығын арттыру, тарихи-мәдени мұраларды кеңінен насихаттау, сондай-ақ ұлттық рух пен патриоттық сана-сезімді нығайту.

Мәдени кеш аясында келесі бағыттар бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды:

Тақырыптық көрмелер мен экскурсиялар – келушілерді көне дәуірлер тарихымен таныстырып, жәдігерлердің тарихи мәнін кеңінен ашты;

Танымдық викториналар – жас ұрпақтың тарихи білімін арттыруға және зияткерлік әлеуетін дамытуға ықпал етті;

Деректі фильмдер көрсетілімі – ұлттық болмыс пен тарихи мұра тақырыбындағы тәрбиелік мәні зор фильмдер ұсынылды;

Ұлттық ойындар мен этнографиялық көріністер – этнокешен аумағында ұйымдастырылған алтыбақан тебу, ләңгі тебу, гір тасын көтеру, қолкүрес, ұршық иіру сияқты дәстүрлі ойындар арқылы қазақ халқының мәдени құндылықтары қайта жаңғыртылды.

«Музей түні» – бұл бір күндік мәдени іс-шара ғана емес, тарих пен бүгіннің, өткен мен келешектің арасын жалғайтын рухани алтын көпір қызметін атқарды.

Шараға қатысушылар ұлттық мұраға деген құрметін тереңдете түсіп, туған жерге деген сүйіспеншілікті сезіне отырып, тарихи танымын арттырды. Аталған кеш – жас ұрпақтың патриоттық тәрбиесін қалыптастыруға және ұлттық сана-сезімін дамытуға оң ықпал етті.

 Іс-шараның өткізілген күні: 18 мамыр 2025 жыл

Өткізілген орны: Түркістан облысы, Отырар ауданы, Жібек Жолы көшесі, 1-үй, «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК

Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Мәдениет комитеті, «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түркістан облысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика