Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Отырар ежелгі қалашығын қалпына келтіру жұмыстары...

Отырар ежелгі қалашығын қалпына келтіру жұмыстары аяқталды

Мәдениет 11.12.2022, 10:30 1,741
Отырар ежелгі қалашығын қалпына келтіру жұмыстары аяқталды
Сурет: inform.kz

Археолог-ғалымдар мен реставраторлар «Ежелгі Отырар қаласын ішінара қалпына келтіру» жобасы аясында тиісті жұмыстарды толығымен аяқтады. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке жасап хабарлайды.


Ғалымдар ежелгі қалашық аумағында Ақ Орда билеушісі Ерзен хан салған Ханаканың орнын тапты. Сондай-ақ, мамандар күйдірілген кірпіштен қаланған мешіт пен XV ғасырдың басында Әмір Темір Тоқтамыс ханның елшілерін қабылдаған Бердібек сарайын ішінара реставрациялады, «Жарақты», Солтүстік және Сопыхан қақпаларын толығымен қалпына келтірді.


Қалаға «Жарақты» қақпасы арқылы кірген тұста тұрғын үйлер мен қыш шеберханасы бар кешен табылды. Тұрғын үйлердің маңында өндіріс орындары орналасқан, онда қыш ыдыстар жасалатын екі камералы пеш пен қыш бұйымдар кептірілетін алаң анықталды. Ғалымдар тұрғын үйлердегі шеберханалар XV-XVI ғасырларда жұмыс істегенін айтады. Сондай-ақ, XVII ғасырдағы базар алаңында да қазба жұмыстары жүргізілді, онда наубайхана кешені және тұрғын үй орамы анықталып, реставрациялау мен консервациялау жұмыстары жүргізілді.


Үш жылға созылған ауқымды жоба аясында ескерткіштерді сақтау және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Отырар қаласының аумағында бейнебақылау камералары орнатылды, көшелер электр шамдарымен жарықтандырылды, жаяу жүргіншілер мен электрокарларға арналған жолдар салынды, туристердің демалуына арналған орындықтар, субұрқақтар, модульдік дәретханалар мен қоқыс жәшіктері орнатылды.


Отырар қалашығын ішінара қалпына келтіру жобасы бойынша жұмыс нәтижелерімен танысу барысында Дәурен Абаев турбизнес өкілдерімен кездесті. Жиында министр «Ұлы Жібек жолы» турын ұйымдастырып, жетілдіру бойынша тапсырма берді.



«Отырар қалашығының аумағында ауқымды жұмыс атқарылды. Енді Алматы Тараз, Шымкент, Түркістан сияқты қалаларды және оңтүстік өңірдің барлық негізгі мәдени-тарихи объектілерін қамтитын «Ұлы Жібек жолы» гранд-маршрутын құру қажет. Туристерге Тараздағы Айша бибі, Бабаджа хатун, Тектұрмас кесенелерін, одан әрі Шымкенттегі Ибраһим ата кесенесі мен цитадельді, Түркістандағы Арыстан баб және Ахмет Яссауи кесенелері, кейін Отырар және Сауран қалашықтары сияқты тарихи-мәдени нысандар кіретін туристік бағыт ұсыну қажет. Егер турпакеттер дұрыс ұйымдастырылса, бұл бағыт шетелдіктер үшін ғана емес, жергілікті туристер үшін де қызықты болады», - деді Дәурен Абаев.



Өз кезегінде отандық туроператорлар халықты 1-7 күн ішінде киелі және тарихи орындарға апару бойынша турлар ұсынуға дайын екенін жеткізді.


Айта кетейік, енді Отырар қалашығы ашық аспан астындағы музей ретінде жұмыс істеп, туристерді қабылдайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#археология #отырар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ЮНИСЕФ-тің патронаждық қызметті дамыту жөніндегі кеңесі өтіп жатыр

Бүгін 14:53

Алматыда жастарға арналған фестивальдар, турнирлер мен жобалар өтеді

Бүгін 13:25

Алматы жастары үшін спорт және шығармашылық саласын қамтитын жобалар легі іске қосылады

Бүгін 13:23

Орталық Азия елдерінен келген ЮНИСЕФ делегациясы №36 Алматы қалалық емхананың жұмысымен танысты

Бүгін 12:38

Жадыңды жаңарту үшін...

Бүгін 12:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика