Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Өткенге құрмет - тіріге міндет

Өткенге құрмет - тіріге міндет

Барлығы 26.04.2025, 14:17 577
 Өткенге құрмет - тіріге міндет
Сурет: Әсел Ташибаева

Алматыда ҰОС ардагерлерінің зиратын тазарту бойынша жастар акциясы өтті.

Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Кеңсай-1 және Кеңсай-2 зираттарында майдангерлер жерленген орындарды тазарту және абаттандыру бойынша жастар акциясы өтті. Игі шараға қала жастары, жоғары оқу орындарының студенттері, волонтерлік ұйымдардың мүшелері және қоғам белсенділері қатысты. Қатысушылар зират маңын тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ, ардагерлердің зиратына гүл шоқтарын қойып,  рухына тағзым етті.

 “Акцияның басты мақсаты – Отанды қорғаған ардагерлердің ерлігіне тағзым ету, олардың есімдерін жадымызда сақтау және жас ұрпақтың бойында тарихи сананы қалыптастыру болды”, - дейді ұйымдастырушылар.

Ал Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің 1-курс студенті Аида Асылханқызы:

«Біз бұл шараға Аграрлық университеттен ерікті ретінде келдік. Кеңсай зиратында ардагерлердің ескерткіштерін тазалау арқылы тек қоғамдық пайдалы іс жасап қана қоймай, өзіміздің рухани және имани тұрғыдан да нығайып жатқанымызды сеземіз. Бұл — өткенге құрмет көрсету ғана емес, өзімізді тәрбиелеудің де бір жолы. Мұнда көптеген волонтер жиналды, барлығы шын ниетімен жұмыс істеп жатыр. Біз үшін бұл үлкен сабақ болды. Ардагерлер кезінде біз үшін жанын берді, ал біз бүгінде сол ерліктің ізімен жүріп, оларды ұмытпауымыз керек. Халықта жақсы сөз бар: "Біз де олардай боламыз, олар да біздей болған". Осы сөз осы сәтке дәл келетін сияқты. Өткеннің ерлігін ұмытпай, соны бағалай білу – біздің басты міндетіміз», - дейді.  

Төлеби ОСПАН, Алматы қаласының бас имамы: 
     Баршаны рухани тәрбиеге шақыру
Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бастамасымен республика көлемінде зираттарды тазалау шарасы өтіп жатыр. Алматы қаласында да осы бастама аясында  8 зиратта мешіт жамағаты, ұжым мүшелері және имамдар қатысып, тазалық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Мақсат –қала тұрғындарын зираттарды тазалауға үндеу, соған шақыру.
Біз барлық зиратты бір күнде толықтай тазалап үлгере алмаймыз. Сондықтан бұл – қала тұрғындарына ой салу, әркім өз ата-анасының, ағайын-туыстарының басына барып, қоқысты жинап, сынған жерлерін жөндеп, құрмет көрсетуге бағытталған әрекет. Яғни, бұл – барша қоғамды рухани тәрбиеге шақыру. Бүгінгі шараға Алматы қаласы бойынша шамамен мыңға жуық адам жұмылдырылды. Мысалы, Кеңсай зиратының өзінде жүзге жуық адам қатысты. Қаладағы басқа зираттарда да дәл осындай белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Кеңсай зиратында жерленген қоғам қайраткерлері, ұлт зиялылары - Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атамыздың, Бауыржан Момышұлы сынды ардагерлердің және басқа да көрнекті тұлғалардың зираттарын тазалап, құрмет көрсетіп жатырмыз. Жұмыс үлкен құрметпен, жауапкершілікпен атқарылуда.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Зират #тазалау #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚХР Бас консулы: Алматы мен Шанхай жасанды интеллект пен «жасыл» экономикада жаңа өсім нүктелерін қалыптастырып келеді

Бүгін 14:58

Қазақстанда көмір бағасы біртіндеп қымбаттайды

Бүгін 14:53

Алматы колледждері студенттері физика мен математикадан қалалық олимпиадада бақ сынады

Бүгін 14:48

Қытай компаниясы Алматыда тау-кен саласына арналған ғылыми-зерттеу институтын ашпақ

Бүгін 14:36

Сөз – ішкі әлеміңнің айнасы

Бүгін 14:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика