AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Өткен жылы Қазақстанға 3,4 млн адам турист келген

Өткен жылы Қазақстанға 3,4 млн адам турист келген

Әлеумет 17.01.2023, 10:03 869
Өткен жылы Қазақстанға 3,4 млн адам турист келген
Сурет: 7kun.kz

2022 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанға келушілер саны 3,4 млн адамға жетіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 3,6 есе артты.


Бірақ елге келген адамдар санының өсуі туризммен байланысты емес, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 


Energyprom.kz сарапшыларының зерттеуінше, Қазақстандағы келушілердің артуына екі нәрсе әсер еткен. Біріншісі – коронавирустық пандемияға байланысты карантиндік шектеулердің жойылуы. Екіншісі - Ресейдегі мобилизацияға байланысты ресейліктердің жаппай келуі. 


Сыртқы туризм айтарлықтай басым. Мысалы, 2022 жылдың тоғыз айында басқа елдерге 5,6 млн қазақстандық демалуға кетті. Бұл өткен жылы шетелде қыдырғандардан 2,2 есе көп.


Ішкі туризм, яғни Қазақстан ішінде саяхаттау деңгейі артқан, алдыңғы жылмен салыстырғанда 25,1%-ға көп.


U.S.News-тің туризм бойынша үздік елдер рейтингінде Қазақстан 85 елдің ішінде 84-ші орында тұр. Туризмі ең нашар ел Иран болса, одан кейінгі кезекте Қазақстан. Еліміз Украина, Өзбекстан, Әзірбайжан, Беларусь, Ресей сияқты елдерден ғана емес, Замбиядан, Ливаннан, Мьянмадан да артта қалған. 


ҚР туристік имиджін қалыптастыруды дамыту үшін бірнеше қадамдар жасауда, бірақ ол нәтижесіз секілді. Мысалы, Қазақстанда мезгіл сайын KITF-тің "Туризм және саяхат" атты халықаралық көрмесі өтеді, ол көбінесе көшпелі туризмді дамытуға ықпал етеді. Көрмеге отандық туроператорлар мен басқа да түрлі елдердің өкілдері келеді.


Сонымен қатар, Мәдениет және спорт министрлігінің 2022 жылғы бюджеттік бағдарламаларын (кіші бағдарламаларын) іске асыру мониторингінің нәтижелері бойынша "Туризм мен туристік қызметті дамытуды ынталандыру" санатында ведомствоға 402 млн теңге ұсынылды.


Алайда мұнда орындалу пайызы небәрі 21,3%, ал игерілмеген сома — 316,2 млн теңге.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#турист #Қазақстан #елге келушілер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Құрманғазы оркестрі Отан қорғаушылар құрметіне концерт берді

Бүгін 20:39

Қазақстандық жұп әлемдік турнирде жүлде алды

Бүгін 19:33

Сурдлимпиада жүлдегерлеріне 5,5 млрд теңге сыйақы берілді

Бүгін 19:29

Astana IT University жасанды интеллект саласында MIT IDSS-тің Еуразиядағы мүшесі атанды

Бүгін 19:26

Астаналық клиника Орталық Азиядағы көз клиникалары арасында алғаш рет JCI аккредитациясын алды

Бүгін 19:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);