Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Өткен айда қазақ теңгесі 1,3%-ға нығайды

Өткен айда қазақ теңгесі 1,3%-ға нығайды

Әлеумет 04.01.2023, 06:06 906
Өткен айда қазақ теңгесі  1,3%-ға нығайды
Сурет: Exk.kz

Ұлттық банк желтоқсанда валюталық интервенциялар жүргізген жоқ.


Желтоқсанның қорытындысы бойынша, теңге 1 АҚШ доллары үшін 462,66 теңгеге дейін 1,3%-ға нығайды. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 132 млн-нан 141 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


ҚР Ұлттық банкі баспасөз қызметінің хабарлауынша, сауда-саттықтың жалпы көлемі 2,95 млрд АҚШ долларын құрады. Бір айда валюта нарығы сұраныс пен ұсыныс тұрғысынан теңгерімді болды, айырбастау бағамы нарық талаптарына сай қалыптасты.


Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді сатуы өткен айдың ішінде шамамен 328,7 млн АҚШ долларын құрады. Квазимемлекеттік сектор компаниялары валюта нарығында сатуды екінші деңгейлі банктер арқылы өз бетінше жүзеге асырады.


Желтоқсанда Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін 461 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Ұлттық қордан сату көлемі сауда-саттықтың жалпы көлемінен 16% болды немесе бір күнде 31 млн АҚШ долларынан аспады. Ұлттық қордың қаражатымен операциялар жүргізу кезінде Ұлттық банк нарықтың бейтарап қағидатын сақтайды. Бұл шетел валютасын тұрақты әрі біркелкі сату дегенді білдіреді. Бұл тәжірибе Ұлттық қор операцияларының валюта нарығына әсерін мейілінше азайтуға мүмкіндік береді.


Зейнетақы активтерінің валюталық үлесін қолдау мақсатында Ұлттық банк желтоқсанда биржалық сауда-саттықта шетел валютасын сатып алды, оның жалпы сомасы 43,2 млн АҚШ долларын немесе нарықтың жалпы көлемінен шамамен 1,5%-ды құрады.


Ұлттық банк желтоқсанда валюталық интервенциялар жүргізген жоқ. Транспаренттілік қағидаты аясында Ұлттық банк валюта нарығында жүргізілетін барлық операция туралы толық ақпаратты үздіксіз жариялайды.



«Қысқа мерзімді перспективада теңге динамикасы геосаяси жағдайдың өзгеруіне, ішкі қатысушылардың болжамдарына және әлемдік нарықтардағы жағдайға байланысты болады. Ұлттық банк теңгерімсіздіктердің жинақталуына жол бермейтін және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастырады», - делінген банк хабарламасында.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#теңге #Қазақстан #валюта #нарық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Түркияда өткен таеквондодан турнирде бес медаль жеңіп алды

Бүгін 12:32

Алматыда сот шешімімен ірі ғимарат сүріліп жатыр

Бүгін 12:16

Түркістан облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұрғын сотталды

Бүгін 12:10

Freedom Inside форумы: цифрлық экожүйелердің бизнес пен технологияларды қалай біріктіреді

Бүгін 12:05

Белгілі қазақстандық жазушылар мен ақындар «Кітап оқитын ұлт» жобасы Қамқоршылық кеңесінің құрамына кірді

Бүгін 11:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика