Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Отандық өнім қолдауға зәру

Отандық өнім қолдауға зәру

Әлеумет 20.01.2023, 09:04 1,035
Отандық өнім қолдауға зәру
almaty-akshamy.kz

Отандық бизнес өкілдері өзара бас қосып, елдің экономикалық әлеуетін арттырудың жаңа жолдарын қарастыруды қолға алды. Сондай-ақ, олар «Qazaqstanda Jasalğan» қозғалысы құрылғанын атап өтті.


Кәсіпкерлердің айтуынша, бүгінде қарапайым халық, мемлекеттік органдар, ірі корпорациялар, жергілікті атқарушы органдар қазақстандық өндірушілер мен отандық сервистік компаниялар ұсынатын тауарлар мен қызметтерді өте аз мөлшерде тұтынып келе жатқан жайы бар. Бұл отандық өнімнің өркендеуіне кері әсерін тигізуде. Қозғалыс мүшелерінің ақпаратына сенсек, машина жасаудың 92 пайызы, жеңіл өнеркәсіптің 96 пайызы, киімдер мен жейделердің 100 пайызы, аяқ киімнің 99 пайызы импортталады екен.



«Біздің кәсіпкерлеріміздің қолынан бәрі келеді. Әрқайсысы өз саласының білікті маманына айналды. Тауарды сапалы әрі тиімді шығаруға бар күшін салуда. Дегенмен, кейде бізге де қолдау ауадай қажет болатын кездер болады. Ондай сәттерде бір-бірімізге ақыл-кеңес, қолдау білдіретін қоғамдық ұйымның қажеттілігін сезінеміз. Қазіргі таңда еліміздің әр аймағынан отандық кәсіпкерлер өз өтініштерін білдіруде. Бүгінде кәсіпкерлеріміз елді мекендерде түрлі жұмыс орындарын ашып, елдің экономикасын жақсартып келе жатқан жайы бар. Кәсіпкерлердің көзінде от бар. Отандық бизнесті қолдау арқылы біз Қазақстанның әлеуетін көтеретінімізді ұмытпауымыз керек. Тәуелділіктен арылып, керек тауарды өзіміз өндірсек, тамаша болар еді. Импортты азайта отырып, ішкі өнімді көбейте беру керек. Көбейту үшін кәсіпкерлерді қолдау керек», – деді ҚР Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының президенті Қанат Ибраев.



Осы ретте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың 14 шілдедегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Қазақстанда жасалған» (Made in KZ) жалпыұлттық жобасын іске қосу бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырған кезде біраз жұмыс қолға алына бастаған.



 «Атқарушы билік жергілікті кәсіпті қолдай алмай келеді. Егер шетелден инвестор келсе, оны бір күнде үш министр қабылдап, қажетті құжаттарына қол қойып береді. Ал қазақ кәсіпкер келсе, «қазақтар жалқау», «қазақтардың қолынан түк келмейді» деген принциппен қарайды. Бірақ біз қазақтың жалқау емес екенін дәлелдегіміз келеді, оны біз дәлелдеп те жүрміз. Бір сөзбен айтсақ, қазақ қазаққа сенбейді», – дейді Қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары қауымдастығының төрағасы Айбек Барысов.



Отандық кәсіп иелері нақты талап-тілегін пысықтап, тиісті орынға хат жолдайтынын жеткізді. Олардың айтуынша, елдегі экономиканың өсуіне барша қазақстандық атсалып, қолдау білдіруі қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #отандық #бизнес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Кеше 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Кеше 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Кеше 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Кеше 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Кеше 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі