Құтқарушылар оқиға орнына дереу жеткен, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
112 пультіне 2013 жылы туған балаға көмек көрсету қажеттігі туралы хабарлама келіп түсті. Баланың аяғы бетон плитасының астында қысылып қалған.
Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері дереу авариялық-құтқару жұмыстарына кірісіп гидравликалық авариялық-құтқару құралын пайдалана отырып баланы бетон плитасының арасынан босатты.
Зардап шеккен бала жедел жәрдем көлігіне жеткізіліп, медицина қызметкерлеріне тапсырылды.
ТЖМ ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.