AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Өскеменде ұшақ бортында тәртіп бұзған жолаушысы қо...

Өскеменде ұшақ бортында тәртіп бұзған жолаушысы қоғамдық жұмысқа тартылды

Заң мен тəртіп 26.08.2026, 15:02 341
Өскеменде ұшақ бортында тәртіп бұзған жолаушысы қоғамдық жұмысқа тартылды

Ол бортта ішімдік ішіп, тамақ пен сусындардан қалған қоқысты әдейі салон ішіне шашып тастаған, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері әуе кемелерінде түрлі құқық бұзушылықтар жасаған 231 тұлғаны анықтап, жауапкершілікке тартты, оның ішінде алкогольдік ішімдік ішу және қоғамдық орындарда мас күйінде жүру бойынша 189 дерек, әуе кемесінде темекі шеккен 31 адам, ұсақ бұзақылық жасаған 15 жолаушы, әуе кемесі бортындағы мінез-құлық ережелерін бұзған 6 азамат жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар өзге де құқық бұзушылықтар анықталды.

Мысалы, 24 тамызда Өскемен қаласының халықаралық әуежайында көлік полицейлері Алматы – Өскемен бағытындағы рейстен әуе кемесі командирінің актісі негізінде 35 жастағы Алматы тұрғынын түсірді. Рейс барысында ұшақ биіктікке көтеріле бастаған кезде жолаушы қауіпсіздік белдігін тақпаған. Сонымен қатар ол бортта ішімдік ішіп, тамақ пен сусындардан қалған қоқысты әдейі салон ішіне шашып тастаған.

Ішімдікке сылқия тойған жолаушы әуе кемесі экипажының нұсқауларын орындамаған және оларды балағаттаған, басқа жолаушыларға дөрекі сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзуды жалғастырған. Ол рұқсатсыз орнынан тұрып, ұшақтың артқы бөлігіне өтіп, бос тұрған орындарға жайғасқан. Тексеру кезінде аталған азаматтың бұған дейін бірнеше рет әртүрлі әкімшілік жазаға тартылғандығы белгілі болды.

Осы құқық бұзушылықтар үшін көлік полицейлері заң аясында шара қабылдады. Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты ер адамды ұсақ бұзақылық жасағаны және қоғамдық орындарда қоқыс тастағаны үшін кінәлі деп танып, оған 20 сағаттық мәжбүрлі қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза тағайындады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Заң мен тәртіп #ұшақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Досхан Жолжақсыновты мерейтойымен құттықтады

Бүгін 16:41

Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов азаматтарды жеке қабылдады

Бүгін 16:31

Қырғызстан қант импортына алты айға тыйым салынады

Бүгін 16:12

Көші-қон порталы арқылы қалай өтінім беруге болады?

Бүгін 15:06

3,4 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты

Бүгін 14:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);