AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / ОСК Мейрам Қажыкенді Президенттікке кандидат ретін...

ОСК Мейрам Қажыкенді Президенттікке кандидат ретінде тіркеді

Саясат 15.10.2022, 08:21 2,433
ОСК Мейрам Қажыкенді Президенттікке кандидат ретінде тіркеді
Сурет: Inform.kz

ОСК төрағасы Мейрам Қажыкенге кандидат куәлігін табыс етті


Орталық сайлау комиссиясы үміткер Мейрам Қажыкенді ҚР Президенті сайлауына кандидат ретінде ресми тіркеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында 20 қарашада өтетін ҚР Президенті сайлауына үміткер Мейрам Қажыкеннің кандидатурасының заң талаптарына сай келетіні және оны кандидат ретінде тіркеу мәселесі қаралды.



«Аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларына сәйкес ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкенді қолдау мақсатында еліміздің 14 өңірінде 122 184 азаматтың қолы жиналды. Оның барлығы тексерілді, соның ішінде кандидатты қолдаған 120 055 қол сенімді деп танылды», - деді орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов.



Сондай-ақ, үміткердің құжаттарды уақытылы тапсырғаны және олардың талапқа сай келетіні айтылды.



«Құрметті жиынға қатысушылар, осылайша орталық сайлау комиссиясы Қажыкен Мейрам Зекешұлын ҚР Президентіне кандидат ретінде тіркеді», - деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.



Одан бөлек, жиын соңында ОСК төрағасы Мейрам Қажыкенге кандидат куәлігін табыс етті.
Еске салсақ, 4 қазанда Орталық сайлау комиссиясына Президент сайлауына кандидат ретінде ұсынылған Мейрам Қажыкеннің құжаттары тапсырылды.


Ал 8 қазан күні үміткер мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі бойынша емтихан тапсырып, одан сәтті өтті.
Айта кетейік, Мейрам Қажыкен кандидат ретінде «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» республикалық бірлестігі атынан ұсынылып, тіркелді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#оск #сайлау #Мейрам Қажыкен
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);