Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау-2023 / ОСК «Ауылдың» кандидаттарын тіркеді

ОСК «Ауылдың» кандидаттарын тіркеді

Сайлау-2023 14.02.2023, 04:51 1,069
ОСК «Ауылдың» кандидаттарын тіркеді
Сурет: Gov.kz

Бұл партия сайлау жарнасынан босатылады.


Себебі бұған дейінгі сайлауда 5 пайыздан артық дауыс жинаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Орталық сайлау комиссиясы "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кандидаттарын тіркеді.


Комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіровтың айтуынша, партияның сайлау жарнасынан босатылу себебі бұған дейінгі сайлауда 5 пайыздан артық дауыс жинаған.



"Енді партияның сайлау қорын қалыптастыруға арнаулы уақытқа шот ашуға болады. Партиялық тізімді тіркеу туралы хабар орталық сайлау комиссиясының интернет ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Сондай-ақ тіркелген кандидаттарға тиісті куәліктерін беруді тапсырамын", - деді Әбдіров.



"Ауылдың" партиялық тізімі 25 адамнан тұрады. Олардың арасында президент сайлауына қатысқан Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден бар.


Айта кетері, бүгінде барлығы 29 округ бойынша 609 кандидат ұсынылып отыр. Оның ішінде 7 саяси партиядан – 79 үміткер, төрт қоғамдық бірлестіктен – 5 кандидат, қалған 525-і – өзін-өзі ұсынғандар.


Кандидаттар мен саяси партияларды тіркеу 18 ақпан 18.00-ге дейін жалғасады. Сайлау алдындағы үгіт 18 ақпан 18.01-де басталып, 18 наурыз сағат 00.00-де аяқталады.


18 наурыз – тыныштық күні.


Айта кетері, Парламент Мәжілісі 98 депутаттан құралады: 69 депутат партиялық тізім бойынша, ал 29 депутат бірмандаттық аумақтық округтер бойынша сайланады.


Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 19 наурызда өтеді.


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауыл #сайлау #оск
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сенбілікке белсене қатысты

Бүгін 18:49

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Бүгін 16:55

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Бүгін 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Бүгін 14:19

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика