AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Орталық Азия елдерінен келген ЮНИСЕФ делегациясы №...

Орталық Азия елдерінен келген ЮНИСЕФ делегациясы №36 Алматы қалалық емхананың жұмысымен танысты

Медицина 02.04.2026, 12:38 272 yakiya
Орталық Азия елдерінен келген ЮНИСЕФ делегациясы №36 Алматы қалалық емхананың жұмысымен танысты

Алматыдағы №36 қалалық емханаға Орталық Азияның төрт елі — Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Түрікменстан өкілдерінен құралған ЮНИСЕФ делегациясы арнайы келді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Аталған емхана қаланың қарқынды дамып келе жатқан аудандарының бірі Наурызбай ауданы тұрғындарына қызмет көрсетеді.

Сапарға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің өкілі Мағрипа Ембергенова, сондай-ақ Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын сақтау бөлімінің басшысы Жадыра Ахметова қатысты.

№36 қалалық емхананың директоры Гүлжайнат Тілеген қонақтарға медициналық ұйымның қызметін таныстырып, патронаждың әмбебап-прогрессивті моделін енгізу барысы жөнінде баяндады. Делегация мүшелері патронаждық медбикелердің тәжірибелік жұмысымен танысып, цифрлық шешімдердің қолданылуын бағалап, медициналық деректерді жинау мен жүргізу жүйесінің ұйымдастырылуын көрді.

Сондай-ақ, мамандарды жабдықтауға ерекше көңіл бөлінді: медициналық сөмкелер, диагностикалық құрылғылар және пациенттердің үйіне бару кезінде пайдаланылатын құралдар таныстырылды.

Патронаждың әмбебап-прогрессивті моделі тәуекел деңгейін ескере отырып, жүкті әйелдерге, жаңа туған нәрестелерге және жас балаларға жүйелі бақылау жүргізуді қамтамасыз етеді. Бұл тәсіл ауытқуларды дер кезінде анықтауға, алдын алу шараларын жүзеге асыруға, ата-аналарды бала күтімі дағдысына үйретуге және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Мамандардың айтуынша, бұл модель еліміздің барлық емханасында, соның ішінде №36 қалалық емханада да енгізілген және алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің, әсіресе ана мен бала денсаулығын сақтау саласында, міндетті стандарттарының бірі болып табылады.

Мұндай сапарлар халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстандағы медициналық-санитарлық алғашқы көмек жүйесін одан әрі дамытуға және жетілдіруге ықпал етеді деп күтілуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#юнисеф
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);