AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Орталық Азия елдері әйелдер диалогының делегациясы...

Орталық Азия елдері әйелдер диалогының делегациясы Брюссельде

Әлем 18.11.2023, 07:23 1,375
Орталық Азия елдері әйелдер диалогының делегациясы Брюссельде
Сурет: видеодан алынды

Орталық Азия елдері әйелдер диалогының делегациясы Брюссельде Еуропалық Одақтың озық тәжірибесімен танысуда.


2020-жылы БҰҰ бастамасымен құрылған диалогқа биыл Қазақстан төрағалық етеді. Аймаққа мүше бес мемлекеттің белсенді әйелдерінен құралған диалог мүшелері Еуропалық парламент, Еуропалық комиссия және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап.  Жиында, әйелдердің климаттың өзгеруі сынды жаһандық проблемаларды шешуге ат салысуы, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтудағы рөлі сөз болды. Бұрымдылардың экономикалық жағдайы, олардың құқықтарын кеңейту де қызу талқыланды. Сондай-ақ, ЕуроОдақ пен Орталық Азия өкілдері гендерлік теңдік, әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күреске бағытталған шаралар бойынша өзара пікір алмасты.


Андрис Америкс, Еуропалық Парламенттің Депутаты:


Еуропарламентте президент, комитеттің төрағасы, партия жетекшісі болсын, барлығы, яғни 705 депутат бірдей жалақы алады. Дегенмен, ЕуроОдақта жеке кәсіпкерлікте әйелдердің жалақысы ерлерге қарағанда 15 пайызға төмен. Осы сынды мәселелерді Орталық Азиядан келген делегация өкілдерімен қызу талқыладық.

Дәния Еспаева, ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының Орынбасары


Қазір Қазақстан парламенті әйелдерге зорлық-зомбылық көрсеткендерге жауапкершілікті күшейту туралы заң жобасын әзірлеуде. Соңғы оқиғалар жазаны қатайту қажеттігін көрсетті. Жаңа заң бойынша әкімшілік, құқықтық жазаға тарту және зорлық-зомбылық үшін жазаны өтеу мөлшерін көбейтуіміз керек. Осы ретте бізге ЕуроОдақтың тәжірибесін игеру өте маңызды.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Брюссель #Орталық Азия #Еуропарламент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы метрополитенінің бекеттерінде концерттер мен фотокөрмелер өтіп жатыр

Бүгін 15:17

Ұлыстың Ұлы Күні Алматыда «Ар ма, Әз Наурыз!» атты дәстүрлі музыка концерті өтті

Бүгін 13:41

Президент үндеу жасады

Бүгін 12:42

«Жұлдызды Алматы»: Астана алаңында Наурызға арналған мерекелік концерт өтті

Бүгін 12:36

Алматы көшелерінде этноансамбль өнер көрсеткен музыкалық автобус жүріп өтті

Бүгін 11:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика