AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Өрт – тілсіз жау: балалар байқауы бейқамдықтың алд...

Өрт – тілсіз жау: балалар байқауы бейқамдықтың алдын алуға үндейді

Әлеумет 29.05.2025, 15:40 921
Өрт – тілсіз жау: балалар байқауы бейқамдықтың алдын алуға үндейді
Суреттерді түсірген - С.Құсайынов

Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы №83 гимназияда «Қазақстан балалары» жобасы аясында жас суретшілер байқауы өтті. Шараны Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырды.

Байқаудың басты мақсаты – балаларға өрт қауіпсіздігі жөнінде түсінік беру, өрт сөндірушілердің күнделікті жанқиярлық еңбегін бағалауға баулу болды. Балалар өз қиялдарындағы өрт сөндіруші бейнесін қағаз бетіне түсіріп, «тілсіз жауға» қарсы күресті бояулармен бейнеледі.

Жас суретшілер өрт сөндірушілердің батыл әрекеттерін көркем тілмен жеткізуге тырысып, әр туындыда отқа қарсы тұрудың маңыздылығын ұғындыра білді.

– Бұл байқау балалар үшін ғана емес, ата-аналар үшін де пайдалы болды, – дейді №83 гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Вера Казанцева.
– Балалар сурет сала отырып, өрт кезінде не істеу керектігін, құтқарушылардың ерлік істерін үйреніп, түсінді. Байқауға Түрксіб ауданының мектептерінен алпысқа жуық оқушы қатысты. Қорытындысын кәсіби суретшілер шығарады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге грамоталар табысталады. Алайда ең маңыздысы – балалар өрттің алдын алу мен қауіптің алдын қалай алу керектігін түсінді.

Байқау Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар аясында ұйымдастырылған. Мұндай тәрбиелік мәні зор бастамалар балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бала #сурет #өнер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов: Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды құрылыс бағдарламасы өнеркәсіп кооперациясын дамытуға елеулі серпін береді

Бүгін 22:30

Мемлекет басшысы AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында сөз сөйледі

Бүгін 21:01

Қазақстандық кәсіпорындардың инновациялық шешімдері «ИННОПРОМ. Беларусь» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінде таныстырылды

Бүгін 21:01

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ делегациясын қабылдады

Бүгін 20:15

Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары Алматыға оралды

Бүгін 20:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);