AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Өрт жиілейтін маусымның алдында Алматы сақтықты кү...

Өрт жиілейтін маусымның алдында Алматы сақтықты күшейтті

Керек кеңес 24.04.2025, 15:36 754 Bakyt
Өрт жиілейтін маусымның алдында Алматы сақтықты күшейтті
Almaty-akshamy.kz

Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық паркінде өрт жиілейтін маусымға дайындық жұмыстары басталды. Іле Алатауы ұлттық паркінің Медеу филиалына қарасты орман өртінен қорғау станциясының бастығы Дәулет Жетпісбаев өңірлік коммуникациялық қызметінде өткен пресс-конференцияда осылай деді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«2005 жылғы 4 ақпан күнгі №026-н/К қаулының аясында ұлттық парктегі техникаға тексеру жүргізіліп, өртті сөндіруге арналған құрал-жабдықтарды жаңартып, әр станцияда 300 литр бензин мен 200 литр дизель отынынан үлкен қор жасап қойдық», - деп атап өтті Жетпісбаев.
  
Парктегі 4 бөлімшенің әрқайсысында орман өртін сөндіретін 4 топ пен 33 адам жұмыс істейді. «Инспекторлардың 131 аты, 100 комплект киімі бар.  Бұдан бөлек, паркте  4 өрт сөндіретін көлік, 2 арнаулы машина, 10 трактор мен 2 су жеткізетін құрылғы тағы бар»,- деп атап өтті ол.  

Сондай-ақ, инспекторларды оқытуға дайындық аяқталып, Алматы аумақтық инспекциясының өкімі бойынша кейіннен тестілеу арқылы 36 сағаттық оқыту ұйымдастырылды.  

Оның айтуынша, осы даярлық жұмыстарының аясында 22 бақылау мұнарасы мен тікұшаққа арналған алаңды жөндеуден өткізіп,  228,5 шақырым болатын өрт кезінде қатынайтын жол қалпына келтірілмек.  

«Техникалық жағынан ұлттық парк қандай жағдайға болсын дайын. Біз, сонымен бірге, өртті болырмас үшін 40 мың парақ үлестіріп, осы аумақта орналасқан жердің иелеріне арнап 85 ескертпе таратып шықтық», - деп түйіндеді Жетпісбаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #өрт #маусым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Құрманғазы оркестрі Отан қорғаушылар құрметіне концерт берді

Бүгін 20:39

Қазақстандық жұп әлемдік турнирде жүлде алды

Бүгін 19:33

Сурдлимпиада жүлдегерлеріне 5,5 млрд теңге сыйақы берілді

Бүгін 19:29

Astana IT University жасанды интеллект саласында MIT IDSS-тің Еуразиядағы мүшесі атанды

Бүгін 19:26

Астаналық клиника Орталық Азиядағы көз клиникалары арасында алғаш рет JCI аккредитациясын алды

Бүгін 19:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);